PHILOSOPHICAL AND POLITOLOGICAL, SPIRITUAL AND EDUCATIONAL JOURNAL
БІЛІМ ФИЛОСОФИЯСЫ

ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ЭЛЕКТРОНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ФЕНОМЕНІ

Нөмір 24 № 2(94) (2026), БІЛІМ ФИЛОСОФИЯСЫ
Нөмір 24 № 2(94) (2026)
2026-06-30

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада электрондық білім беру жаһандық цифрландыру жағдайындағы қазіргі білім беру философиясының маңызды феномен екендігі қарастырылады. Зерттеудің мақсаты - электрондық білім берудің мәнін, тарихи қалыптасуын, әлеуметтік-мәдени табиғатын, аксиологиялық мазмұнын және жоғары білім кеңістігіндегі даму перспективаларын кешенді талдау. Осы мақсатқа жету үшін білім беру ортасының цифрлық трансформациясы, педагог пен білім алушы рөлдерінің өзгеруі, білімнің қолжетімділігі, академиялық теңдік, үздіксіз оқу мәдениеті және цифрлық құзыреттілік мәселелері философиялық тұрғыдан пайымдалады. Электрондық білім беру тек техникалық құралдар жиынтығы емес, адамның танымдық белсенділігін, дербестігін, жауапкершілігін және коммуникациялық тәжірибесін қайта ұйымдастыратын жаңа білім беру экожүйесі екені негізделеді. Мақалада электрондық оқытудың артықшылықтары мен шектеулері, Қазақстандағы және Еуропа елдеріндегі тәжірибесі, пандемиядан кейінгі кезеңдегі орны, жасанды интеллект пен виртуалды технологиялар ықпалы талданады. Қорытындыда электрондық білім беру сапалы білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етудің, тұлғаның өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін кеңейтудің және гуманистік білім беру құндылықтарын жаңа цифрлық ортада сақтаудың маңызды факторы ретінде бағаланады. Электрондық білім беруді одан әрі дамыту үшін сапалы цифрлық контент қалыптастыру, оқытушылардың цифрлық құзыреттілігін жетілдіру және инклюзивті білім беру ортасын құру қажеттілігі негізделеді.

Түйін сөздер: цифрландыру, жаһандану, электрондық білім беру, білім беру философиясы, цифрлық трансформация, мультимедиялық ресурстар, үздіксіз білім беру, цифрлық құзыреттілік, білім беру экожүйесі.