PHILOSOPHICAL AND POLITOLOGICAL, SPIRITUAL AND EDUCATIONAL JOURNAL
ЗАМАНАУИ ҚОҒАМ: БІРЕГЕЙЛІК. ЖАҢҒЫРУ. БОЛАШАҚ

ЖАҺАНДАНУ ЖӘНЕ ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӘДІЛЕТТІЛІК (ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ)

Нөмір 25 № 2 (2026), ЗАМАНАУИ ҚОҒАМ: БІРЕГЕЙЛІК. ЖАҢҒЫРУ. БОЛАШАҚ
Нөмір 25 № 2 (2026)
2026-06-30

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада әділеттілік категориясынажаһандану және цифрлық трансформация жағдайында философиялық тұрғыдан кешенді талданады. Ұлттық парадигма аясында қалыптасқан классикалық әділеттілік теориялары жаһандық өзара тәуелділік пен цифрлық кеңістікте туындайтын әлеуметтік теңсіздіктің жаңа формаларын түсіндіруге жеткіліксіз екендігі негізделеді. Зерттеу трансұлттық экономикалық үдерістердің күшеюі, алгоритмдік басқару механизмдерінің таралуы және деректер инфрақұрылымдарының қалыптасуы жағдайында әділеттіліктің нормативтік архитектурасында орын алған құрылымдық өзгерістерді анықтауға бағытталған. Мақалада алгоритмдік әділеттілік, цифрлық алшақтық, деректердің шоғырлануы, сондай-ақ жауапкершілік субъектілерінің құрылымдық өзгерісі мәселелері қарастырылады. Зерттеу әдіснамасы салыстырмалы-философиялық талдау, нормативтік теориялау және концептуалдық модельдеу тәсілдеріне негізделген, сондай-ақ классикалық және заманауи әділеттілік тұжырымдамаларын герменевтикалық тұрғыдан қайта пайымдауды қамтиды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – әділеттіліктің жаһандық және технологиялық өлшемдерін біріктіретін тұтас теориялық үлгіні ұсынуында және нормативтік парадигманы ұлттық мемлекет шеңберінен кеңейту қажеттігін дәлелдеуде. Мақалада цифрлық инфрақұрылымдардың билік асимметриясын күшейтіп, ресурстарды қайта бөлудің жаңа механизмдерін қалыптастыратыны көрсетіледі. Зерттеу нәтижесінде қазіргі заманғы әділеттілік тұжырымдамасы жаһандық жауапкершілік, алгоритмдік шешімдердің ашықтығы, деректерді әділ пайдалану және технологиялық модернизация жағдайында адамның қадір-қасиетін қорғау қағидаларын қамтуы тиіс деген тұжырым жасалады. Зерттеу қорытындылары цифрлық басқару тетіктерін және әлеуметтік саясатты жетілдіру барысында қолданылуы мүмкін.

Түйін сөздер: әділеттілік; жаһандану; цифрлық трансформация; алгоритмдік әділеттілік; жаһандық жауапкершілік.