PHILOSOPHICAL AND POLITOLOGICAL, SPIRITUAL AND EDUCATIONAL JOURNAL
РЕЛИГИОВЕДЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДӘСТҮРЛІ ИСЛАМНЫҢ АКСИОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Нөмір 87 № 3 (2024), РЕЛИГИОВЕДЧЕСКИЕ ИССЛЕДОВАНИЯ
Нөмір 87 № 3 (2024)
2024-09-29

Авторлар

  • Бахытжан Сатершинов Deputy of Editor-in-Chief, Doctor of Philosophy, Associate Professor
  • Жасұлан Белтенов ҚР БЖҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты https://orcid.org/0000-0003-1268-0763

Аңдатпа

Қазіргі сандық негіздегі ақпараттық технологияның жаһандық деңгейде қарқынды дамыған кезеңінде ислам әлемі замана талаптарына лайықты жауап табудың жолдарын іздестіруде. Мұсылмандардың рухани-мәдени, әлеуметтік-саяси өміріндегі күрделі өзгерістер өтіп жатқандықтан да бұл кезеңді посткәдуілгі уақыт деп атайды. Уақыттың бұл талабынан Қазақстан да тыс қала алмайды, тұрғылықты халықтың басым бөлігі ұстанатын ислам дінінің даму бағытын, ондағы үрдістер мен үдерістерді ғылыми тұрғыда айқындау қажет болады. Ол үшін ең алдымен, дәстүрлі исламның тарихи ерекшеліктерімен қатар жаңа шынайылықтағы оның қоғам үшін онтологиялық және аксиологиялық мәні мен маңызын зерттеу керек. Мақалада ислам дініндегі құндылықтық бағдар мен заңшылдық үрдістің арақатынасы талданады.