Мақала қолжазбасын рецензиялау 

Мақала қолжазбасын рецензиялау

Барлық мақалалар, журналдың талаптарына сәйкес дұрыс рәсімделгендігі және плагиатқа тексерілгеннен кейін, әрі қарай рецензиялау процесіне өтеді. Рецензиялау – мақаланың журналда жариялануы үшін міндетті қадам.

«Әл-Фараби» журналындағы рецензиялау процесі екі жақты жабық («жасырын») рецензиялау әдісімен жүзеге асырылады. Рецензент ретінде докторлық және кандидаттық дәрежесі, сондай-ақ философия докторы (PhD) дәрежесі бар ғалымдар тағайындалады, олар ұсынылған қолжазбаның ғылыми бағыты бойынша маманданған.

Рецензиялау конфиденциалдық негізде жүзеге асырылады. Рецензентке авторы көрсетілмеген және автор туралы мәліметтер жоқ мақаланың қолжазбасы электрондық платформа арқылы жіберіледі. Сонымен қатар, рецензентке «Рецензентке арналған ескерту» жіберіледі, онда қолжазбаны бағалау кезінде ескерілуі тиіс негізгі тұжырымдар берілген. Бұл тұжырымдар ұсынылған мақаланың сапасы мен мазмұнын объективті бағалауға ықпал етеді.

Рецензент ұсынылған жұмысты ғылыми, өзекті тақырыптың өзектілігі, ұсынылған мәселелердің жаңалығы немесе зерттеу бағытының жаңалығы, баяндалған материалдың кәсіби сапасы, зерттеу дискурсының палитрасы, мәселенің дамуының дәрежесі, бастапқы дереккөздермен танысу, ұсынылған деректер мен материалдардың шынайылығы және т.б. критерийлер негізінде бағалайды. Ол осы критерийлер бойынша мақаланы қабылдамауға құқылы, өз көзқарасын рецензияда негіздеп көрсетуі тиіс.

Рецензияны алғаннан кейін, онда мақаланы тек түзетулерден кейін жариялау мүмкіндігі туралы баға беріледі. Рецензенттің ескертулеріне сәйкес авторға түзетулер енгізу үшін рецензия электрондық платформа арқылы жіберіледі, автордың мәліметтері көрсетілмей жіберіледі. Автор ескертулерге жауап бермей, оларды мақала мәтініне енгізіп, қайтадан ғылыми редакторға жіберуі мүмкін.

Рецензенттің ескертулері бойынша түзетулер енгізілгеннен кейін және автордан жауап алынып, мақала қайта редакцияға жіберілгеннен соң, барлық материалдар қайта рецензиялау үшін рецензентке жіберіледі.

Екі рецензент пен ғылыми редактордан оң рецензия алған қолжазбалар жариялауға ұсынылады және жариялану тәртібі бойынша «Аль-Фараби» социогуманитарлық зерттеулер журналының келесі шығарылымына беріледі. Редакция алқасы мақұлдаған қолжазбалар журналдың жауапты хатшысына жарияланымның келесі нөмірін жасау үшін беріледі.

Егер бір рецензия теріс болса, екіншісі оң болса, қолжазба үшінші рецензентке немесе мақаланың тақырыбы бойынша маман болған редакция мүшесіне жіберіледі, ол мақаланың жариялануы туралы қорытынды береді. Қолжазбаны жариялау/қабылдамау туралы соңғы шешім үш рецензия немесе редакция мүшесінің қорытындысы алындыktan кейін «Аль-Фараби» журналындың бас редакторы тарапынан қабылданады.

Егер екі теріс рецензия алынса, қолжазба қабылданбайды, авторға хабарланады.

Қолжазбаларға рецензиялар 3 жыл бойы журналдың электрондық платформасында сақталады.

Еркін қолжетімділік және материалдарды мұрағаттау саясаты

«Әл-Фараби» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер журналы өзінің контентіне ресми веб-сайтында ашық қолжетімділікті ұсынады. Веб-сайттың мекенжайы: https://alfarabijournal.org/

Сайттағы барлық ақпарат үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде беріледі, бұл сайт мазмұнына тек қазақстандық қана емес, сондай-ақ шетелдік ғалымдар мен оқырмандар үшін де ақпараттық қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

Сайтта журналдың редакциялық саясаты, мақсаты мен тақырыптық бағыттары, мақалаларды жариялау шарттары, рецензиялау саясаты, жарияланым этикасы, редакциялық алқа мен халықаралық редакциялық кеңестің құрамы туралы ақпарат, сондай-ақ сайт қонақтарын қызықтыратын басқа да мәліметтер орналастырылған.

Авторлар мен оқырмандар журналдың ағымдағы нөмірінің электронды нұсқаларымен, сондай-ақ журналдың өткен жылдардағы нөмірлерінің мұрағатымен таныса алады. Журналдың барлық электрондық басылымдары тегін таратылады.

 Құпиялылық шарттары

Авторлар туралы деректер журналдың «Біздің авторлар» айдарында жарияланады. Олар келесі мәліметтерді қамтиды: аты-жөні, жұмыс орны, атқаратын қызметі, ғылыми дәрежесі және атағы.

Журналдың редакциялық алқасы рецензенттерге мақаланың авторы (авторлары) туралы және авторға (авторларға) рецензенттер туралы мәліметтерді жария етпеу құпиялығын сақтайды. Сондай-ақ қаралып жатқан мақалалар туралы үшінші тұлғаларға ақпарат берілмейді.