Автор төлемі
Автор төлемі
Ғылыми этиканың халықаралық стандартына сәйкес баспа жарияланым үшін төлем алмайды.
Журнал редакциясы сарапшылардың ұсынысымен қабылданбаған (Reject) қолжазбаны өңдегені үшін авторлардан төлем алмайды. Бұл жағдайда редакция бірқатар атқарылған қызметі үшін, атап айтқанда, қолжазбаларды қабылдау және тіркеу, алғашқы нұсқаның журнал талабына сәйкестігін қарау, сараптау шолуын жасайтын сарапшыларды тағайындау, сараптама нәтижесімен авторларды таныстыруға байланысты шығындарды өз мойнына алады.
Қолжазбаларды өңдеп, қарастыру үшін журнал редакциясының белгілеген төлемі пайда табу құралы емес. Автордан түскен барлық қаражат редакция-баспа шығындарына жұмсалады. Бұл шығындар жарияланымдардың жоғары сападағы стандартын қамтамасыз етуге, материалдарды техникалық дайындауға, сараптама жасауды қолдауға, сол сияқты ғылыми материалдарды жариялау процесіне байланысты әкімшілік және ұйымдастыру қызметіне бағытталады.
Осылайша, белгіленген төлем журналдың тұрақты жұмыс жасауы мен ғылыми жарияланымдардың сапасын жетілдіруге жұмсалады.
Журнал редакциясы шетелдік авторлар үшін жеңілдіктер ұсынады. Егер мақала авторларының бәрі өзге мемлекеттердің азаматы болса, қолжазбаларды өңдеу үшін төлем алынбайды. Бұл шара халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуды, шетелдік зерттеушілердің ғылыми қызметіне оңтайлы жағдай жасауды және олардың жариялау белсенділігін жоғарылатуды көздейді. Егер мақала шетелдік және қазақстандық авторлардың бірігуімен дайындалса, онда төлем есебі қолжазбаны өңдегені үшін төлемнен босатылған және бекітілген тариф кімдерге тиесілі, соған байланысты авторлар санына теңдей бөліну арқылы жүзеге асырылады.
Редакция авторлармен делдалсыз, тікелей жұмыс жасайды. Егер қандай да фирмалар, жекелеген тұлғалар біздің басылымға ақылы жарияланым жасау арқылы делдалдық қызметті ұсынатын болса, бұл заң бұзушылық туралы бізге хабарласуды сұраймыз. Мекен-жай: alfarabijournal@gmail.com
Егер қолжазбаның өңделуіне төлем жасалмаса, редакция жарияланымға дайындалған жұмыс нұсқасын жояды да, қолжазбаның алғашқы нұсқасын автор(лар)ға қайтарады. Бұл жағдайда жарияланым жүзеге аспайды. Қолжазбаны өңдеуге кеткен шығынды редакция өз жауапкершілігіне алады.
Жарияланым құны:
- ФСДИ қызметкері/білім алушы бір бет* (электронды нұсқа) үшін 2000 теңге, бір бет (электронды және қағаз нұсқа) үшін 2500 теңге,
- өзге ұйымдар үшін бір бет* (электронды нұсқа) үшін 2500 теңге, бір бет (электронды және қағаз нұсқа) үшін 3000 теңге.
- Шетелдік авторлар (ҚР авторларынсыз) мақаласын тегін жариялай алады.
*Мақалаларды маркетингтеу оңтайлылық пен сапа принциптерін сақтау арқылы жүзеге асырылады, бұл ретте аталмыш қызмет пайда табуды көздемейді, материалды жариялау үшін стандартты дайындықты қамтамасыз етуге бағытталады.
- Реквизиттер: ҚР БҒМ ҒК «Философия, саясаттану және дінтану институты» ШЖҚ РМК
050010, Алматы қ., Шевченко көшесі, 28.
АО «Банк Центр Кредит»
РНН 600900062130
ИИК KZ658560000000068275
БИК KCJBKZKX
БИН 990240004112
КБе 016
КНП – 859
Төлемді БанкЦентрКредит мобильді қосымшасы арқылы жасауға болады.
Төлем жіберу кезінде төменгі бөлігіне толық аты-жөніңізді және журналдың атын көрсетіңіз.





