DOI:
Бірнеше ғылым саласында қалам тартқан ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінің негізінде жазылған бұл мақалада білім мен педагогика мәселесі қарастырылады. Белгілі бір қоғамның мүшесі болып саналатын адамның ақыл-ой қабілетінің, өзара көмек пен қайырымдылыққа негізделген еңбектерінде отырар ойшылы адамға білім беруді жүйелі түрде жүргізудің, ғылым салаларын жіктей отырып, оны үйренушілерге ұғындырудің әдістемелік негіздерін салып берген. Білім алудың басты мақсаты жеке тұлғаны кемеліне жеткізу болса, ал әлемде адамзаттың өмір сүруінің басты мақсаты абсолюттік жақсылық – жоғарғы деңгей деп танылатын бақытқа жету деп анықталады. Әл-Фараби ─ педагогика тарихында алатын үлкен орны бар асқан дидактик методист, ғұлама болған адам. Ойшылдың бұл саладағы мұраларын сұрыптап, қазіргі педагогика ғылымының даму игілігіне пайдалану ─ абзал міндеттердің бірі болып табылады.
Түйін сөздер: Парасаттылық, ізгілік, білім беру, теория, тәжірибе, саяси көшбасшы, моральдық, жеке тұлға, педагогикалық, интеллектуалды білім, дидактика.