DOI:
Ғұлама ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары жайында трактаты», «Бақытқа жету жайында», «Бақытқа жол сілтеу», «Адамгершілік саясат» және т.б. шығармаларындағы әлеуметтік-этикалық мәселелердің тұтастығы, бірегейлігі және ерекшеліктері қарастырылды. Ғалым ғылыми еңбектерінде әлеуметтік-этикалық мәселелерге ғылыми талдау жасай отырып, ізеттілік, мейірбандық, әділеттілік, мінез-құлық, әдет-ғұрып, кемеліне жету мен бақытқа жетудің жолдары мен шарттары туралы қасиеттерді философиялық тұрғыдан пайымдаған. Зерттеудің мақсаты және міндеттері -Әл-Фарабидің моральдық-этикалық көзқарастарының алғышарттары, қалыптасу тарихы, сипаты және мәнін жан-жақты зерттеу, ерекшеліктерін анықтау. ғалым әл-Фарабидің моральдық-этикалық концепциясының бірегейлігі мен өзіндік ерекшелігі мәселелерін оның жоғарыда аталған трактаттарының негізінде жүйелі түрде саралау.
Түйінді сөздер: мораль, этика, онтология, болмыс ілімі, қоғам, ізгілік, бақыт, эманация, философия.