DOI:
Аталған мақалада Ханафи мәзһабының негізін қалаған Имам Әбу Ханифаның хадис ғылымындағы орны мен рөлі қарастырылады. Осы ретте алдымен ғалымның өмірі мен шығармашылығы жайлы сөз қозғалады. Атап айтар болсақ, ғалымның өніп-өскен ортасы, сол кезеңдегі діни-саяси жағдай, ұстаздарының шежірелік тізбегі баяндалады. Сонымен қатар Имам Әбу Ханифаның хадис ғылымындағы орнына қатысты ғалымдардың сөздері келтіріліп, оларға талдау жасалады.
Бұл ретте зерттеу обьектісі ретінде ғалымның хадис ғылымындағы «Муснад» еңбегі негізге алынып, аталған еңбегінің жазылу тарихы, оның аясында жасалған ғылыми жұмыстар, түсіндірмелер, өңдеулер мен ықшамдау жұмыстары жайлы баяндалады. Өйткені Әбу Ханифаның «Муснад» еңбегі өз кезегінде ханафи мәзһабының хадис саласындағы негізгі қайнаркөзі ретінде саналады. Алайда ғалымның аталған еңбегі құндылығы мен маңыздылығына қарамастан, бүгінгі күнде жеткілікті деңгейде зерттеліп жатқан жоқ. Сондықтан зерттеу барысында ғалымның аталған еңбегінің маңыздылығы көрсетіліп, оны қазақ тіліне аудару мәселесі қарастырылады. Сонымен қатар аталған ғылыми мақаланың негізгі мақсаты ретінде зерттеу жұмысы барысында Имам Әбу Ханифаның хадис ғылымындағы орны мен рөлі бірқатар дәлел-дәйектермен, теориялық және практикалық тұрғыдан дәлелденеді.
Түйін сөздер: Әбу Ханифа, хадис, муснад, сүннет, Ханафи мәзһабы