ФИЛОСОФИЯ В НАСТОЯЩЕМ И ИСТОРИЧЕСКОЙ РЕТРОСПЕКТИВЕ

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕСІ

Том 78 № 2 (2022), ФИЛОСОФИЯ В НАСТОЯЩЕМ И ИСТОРИЧЕСКОЙ РЕТРОСПЕКТИВЕ
Том 78 № 2 (2022)
2022-06-25

Авторлар

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Оздемир, И., Сыбанбаев, Қ., & Кельдинова, А. (2022). ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕСІ. Аль-Фараби, 78(2), 72–85. https://doi.org/10.48010/2022.2/1999-5911.06

Аңдатпа

Мақалада XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басында өмір сүрген қазақ ойшылдарының философиялық идеяларындағы сабақтастық мәселесі көтеріледі. Сонымен қатар, қазақ философиясының ислам философиясымен сабақтастығының негізгі идеялары мен ықпал етуінің алғышарттары қарастырылады. Ғылыми мақаланың мақсаты - қазақ философиясы мен ислам философиясының өзара сабақтастығының нәтижесі ретінде пайда болған бірыңғай қайнар көздерінің ерекше мысалдарын келтіру. Сондай-ақ, авторларды бұл философиялық ілімдер, олардың даму тарихы қызықтырып,  Абай Құнанбайұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының және Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының философиялық-діни идеяларын астарлы зерттеуге назар аударылады. Бұл ғылыми зерттеу қазақ философиясы мен ислам философиясының өзара байланысының маңызды ерекшеліктерін көрсете отырып, қолданыстағы теория тұрғысынан қазақ философиясын жаңа тұжырымдармен толықтыра отырып қолдайды. Зерттеудің ғылыми-практикалық маңыздылығы оның қазақ философиясы мен ислам философиясы тарихы саласындағы мамандандырылған ғалымдар үшін үлкен қызығушылық тудыратындығымен айқындалады.

Түйін сөздер: қазақ философиясы, ислам философиясы, тарих, сабақтастық.