ЯЗЫК. МЕЖНАЦИОНАЛЬНЫЕ ОТНОШЕНИЯ. ПОЛИТИЧЕСКИЙ ПРОЦЕСС

ЖЕЛТОҚСАН – 1986: БАҒАЛАНУЫ, СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ӨНЕРДЕГІ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ

Том 76 № 4 (2021), ЯЗЫК. МЕЖНАЦИОНАЛЬНЫЕ ОТНОШЕНИЯ. ПОЛИТИЧЕСКИЙ ПРОЦЕСС
Том 76 № 4 (2021)
2021-12-25

Авторлар

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Айтенова, А., & Қайратұлы , С. (2021). ЖЕЛТОҚСАН – 1986: БАҒАЛАНУЫ, СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ӨНЕРДЕГІ РЕПРЕЗЕНТАЦИЯСЫ. Аль-Фараби, 76(4). https://doi.org/10.48010/2021.4/1999-5911.12

Аңдатпа

Мақала авторлары Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында 1986 жылдың 17–18 желтоқсанында орын алған оқиғаны «мәдени жарақат» тәсілі арқылы талдауға талпыныс жасайды. Авторлар тарапынан «мәдени жарақат» тәсілінің бірізділігі – «Желтоқсан» – «Желтоқсанның бағалануы» – «Желтоқсанның себептері» – «Желтоқсанның өнердегі репрезентациясы» арқылы жүзеге асырылады.                                  Желтоқсан – көп сипатты әлеуметтік-гуманитарлық мәселе екені айқындалады. Желтоқсанды тарихи, әлеуметтік, гуманитарлық феномен ретінде кешенді бағалау керектігі көрсетіледі.                      Желтоқсан себептері Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың қызметінен босатылуы, коммунистік идеологияның саяси дағдарысы, тоталитарлық биліктің саяси, экономикалық валюнтаризмінің салдары, қазақ ұлтшылдығының көрінісі, қазақ тілінің қолдану аясының тарылуы, Кеңестік Қазақстандағы экологиялық дағдарыс салдары, кеңестік үшінші кезең ұрпақтарының тарихи сахнаға шығуы ретінде анықталады. Тұтас алғанда, Желтоқсан қазақ халқының кеңестік қызыл империяның басқару шешімдері қалыптастырған жан жарасын ашық емдеудің формасы ретінде дәйектеледі.                                                      Желтоқсан әлеуметтік феномен ретінде орын алғанына ширек ғасырдан астам уақыт өткенімен желтоқсандықтар мен қоғамдық санада белсенділігі күн тәртібінен түспей келеді. Желтоқсанды – әлеуметтік тәжірибенің алуантүрлі формаларын қалыптастыру барысында әмбебап құрал ретінде пайдаланудың маңыздылығы артуда. Мақалада бұл пікірдің тұжырымдамасы Желтоқсан сабақтарының қазіргі қазақ өнерінде (ескерткіш, фильм, әдебиет, театр) репрезентациялануы арқылы айқындалады. Сонымен қатар, өнердегі репрезентация – Желтоқсан жарасын емдеудің формасы мен мазмұнын да білдіретіні көрсетіледі.

Түйін сөздер: әлеуметтік философия, мәдени жарақат, Желтоқсан – 1986, өнер, репрезентация.