ФИЛОСОФИЯ В НАСТОЯЩЕМ И ИСТОРИЧЕСКОЙ РЕТРОСПЕКТИВЕ

РУХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЭПИСТЕМОЛОГИЯСЫ

Том 78 № 2 (2022), ФИЛОСОФИЯ В НАСТОЯЩЕМ И ИСТОРИЧЕСКОЙ РЕТРОСПЕКТИВЕ
Том 78 № 2 (2022)
2022-06-25

Авторлар

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Рыстан, Ж. ., & Тұрсынбаева, А. (2022). РУХ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ЭПИСТЕМОЛОГИЯСЫ . Аль-Фараби, 78(2), 58–71. https://doi.org/10.48010/2022.2/1999-5911.05

Аңдатпа

Бұл мақаланың мақсаты XIX ғасырдан бастап бүгінгі күнге дейін қолданылған рух ғылымының теориялық, әдіснамалық негізін зерттеуге арналған. Ең алдымен, эпистемология ұғымының этимологиялық мәніне қатысты философия тарихындағы түрлі тұжырымдамаларға тоқталып, оның даму жолдарын талдайды. Одан кейін жаңа эпистемологиялық төңкеріс аясында пайда болған рух ғылымының әдістемелеріне терең талдау жасалынды. Рух ғылымының табиғат ғылымы сияқты өзіндік әдісі, обьектісі бар екенін дәлелдегісі келген философиялық бағыттар мен жеке философтардың атап айтқанда, В. Дильтей, философиялық герменевтиктер Э. Гуссерль, М. Хайдеггер, Г. Гадамер, қазіргі заман өкілі К. Скиннер сияқты зерттеушілердің қосқан үлестерін жүйелі түрде қарастырылды.

В. Дильтей танымындағы «Geist» ғылымының әдістерімен танысып, оның қазіргі заманғы ғылымдағы әдістерге әсері талданды. Рух ғылымы деген ұранмен бастауын тапқан қозғалыс гумманитарлық кейіннен әлеуметтік ғылымдарға герменевтика, феноменология, историцизм, релятивизм, психологизм, структурализм, конструктивизм сынды зерттеу әдістері мен бағыттардың шығуына түрткі болды.

Түйін сөздер: эпистемология, рух ғылымы, жаратылыстану ғылымы, классификация, позитивизм, логикалық позитивизм, герменевтика, интерпретация, тарих философиясы.