КАЗАХСКАЯ ФИЛОСОФИЯ В ПОТОКЕ ИСТОРИИ

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ КЕЛІСІМ КОНЦЕПТІСІ: ГЕНЕЗИСІ ЖӘНЕ МӘНІ

Том 72 № 4 (2020), КАЗАХСКАЯ ФИЛОСОФИЯ В ПОТОКЕ ИСТОРИИ
Том 72 № 4 (2020)
2023-03-03

Авторлар

  • Айдана Ержанова
  • Жаныл Мадалиева

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Ержанова, А., & Мадалиева, Ж. (2023). ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ КЕЛІСІМ КОНЦЕПТІСІ: ГЕНЕЗИСІ ЖӘНЕ МӘНІ. Аль-Фараби, 72(4), 84–99. https://doi.org/10.48010/2020.4/1999-5911.08

Аңдатпа

Аннотация.Мақалада дәстүрлі қазақ қоғамындағы келісім концептісінің шығу тегі мен мәні қарастырылады. Келісім, үйлесімділік, үндестік ұғымдарына герменевтикалық талдау жасалды. Қазақ дүниетанымындағы келісім түсінігінің мазмұны ашылды. Қазақ даласындағы қоғам болмысы мен  әлеуметтік-саяси өзгерістердің регрессивті гуманистік дүниетаным мен прогресситі қоғам дамуының дуалдық нәтиже шарттары қарастырылды. Абай философиясындағы қайырымды қоғам тұжырымдамасын жүзеге асыруда басты объекті ретінде адам мәселесін шеше отырып, оның рухани, этикалық қырларын дамыту арқылы толық адам мінсіз қоғамды құрады деген ой-қорытындыға келеді. Қазақ қоғамының болашағы ой жүйесі мен ісінің бірлігі туралы ойды алға тартамыз. Абайдың жаратушы мен білімге қатысты деистік көзқарасы әл-Фарабидың діни-философиялық ойымен сәйкес келеді, жаратушыны жаратқан дүниелер себебінен тану мүмкіндігіне білім арқылы ие болатын ойлары талданды. Қайырымды қоғам тұжырымдамасына Абайдың көпшілікке игі болатын білім тұжырымдасы арқылы жетуге болады деген ой ұсынылады.Дәстүрлі қазақ қоғамындағы құқықтық жүйеде келісімге келу жолдары мен қоғамдағы бітімінің рөлі мен орны айқындалды.

Түйін сөздер: келісім, үйлесімділік, бірлік, бітімгерлік, аңыз, миф, дүниетаным, білім, этика, онтология, рационализм.