Әлеуметтік гуманитарлық зерттеулер журналы
КУЛЬТУРА. ЦЕННОСТИ И МЕЖКУЛЬТУРНАЯ КОММУНИКАЦИЯ

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ БЕРУДІҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МОДЕЛЬДЕРІН ҮЙЛЕСТІРУ: МІНДЕТТЕРІ, БАСЫМДЫҚТАРЫ, МҮМКІНДІКТЕРІ, КЕДЕРГІЛЕРІ

Том 24 № 1(93) (2026), КУЛЬТУРА. ЦЕННОСТИ И МЕЖКУЛЬТУРНАЯ КОММУНИКАЦИЯ
Том 24 № 1(93) (2026)
2026-03-30

Авторлар

  • Зарема Шаукенова ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Шаукенова, З. (2026). ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНДЕГІ ҒЫЛЫМ МЕН БІЛІМ БЕРУДІҢ ИНТЕГРАЦИЯСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МОДЕЛЬДЕРІН ҮЙЛЕСТІРУ: МІНДЕТТЕРІ, БАСЫМДЫҚТАРЫ, МҮМКІНДІКТЕРІ, КЕДЕРГІЛЕРІ. Аль-Фараби, 24(1(93), 156–168. https://doi.org/10.48010/2026.1/1999-5911.12
Онлайн оқу
pdf (Русский) download-btn

Аңдатпа

Мақалада бірыңғай өңірлік ғылыми білім беру кеңістігін қалыптастырудың негізгі шарты ретінде Орталық Азия өңірі (ОАӨ) елдеріндегі ғылым мен білім берудің интеграциясының ұлттық модельдерін үйлестіру проблемасы қарастырылады. Зерттеудің өзектілігі ОАӨ мемлекеттерінің ресурстарға бағытталған экономикадан "білім қоғамына" көшу қажеттілігіне байланысты, бұл ғылым, білім және өндіріс синергиясын қажет етеді. Осы саладағы келісілген саясатсыз аймақ елдері жаһандық білім экономикасында тиімді бәсекеге түсе алмайды. Бұл мақалада міндеттерге (кадрларды даярлау стандарттарын біріздендіру, зерттеулердің қайталануын қысқарту, білім алмасу желілерін құру, біліктіліктерді өзара тану); басымдықтарға (көлденең байланыстарды қалыптастыру, бюджеттен тыс қаржыландыру көздерін тарту, технологиялар трансфертін дамыту); мүмкіндіктерге (өзара іс-қимылдың жалпы тарихы, ғылымдағы әйелдердің өсіп келе жатқан үлесі, интеграцияның сыртқы ынталандырулары); Орталық Азия елдеріндегі ғылым мен білім берудің интеграциясының ұлттық модельдерін үйлестірудегі кедергілерге (ҒЗТКЖ-ны төмен қаржыландыру, жоғары оқу орындары мен бизнес арасындағы алшақтық, білім беру модельдеріндегі айырмашылықтар, бюрократиялық кедергілер) талдау жасалынады. Әлеуметтік-философиялық талдау мен ғылыми әдіс, сондай-ақ әлемдік және өңірлік статистика деректері негізінде Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстандағы ғылым мен білім интеграциясының ұлттық модельдеріне салыстырмалы талдау жүргізіледі. Осы модельдердің ортақ белгілері (мемлекеттік қаржыландырудың үстемдігі, ҒЗТКЖ-ның әлсіз коммерциялануы) және айырмашылықтары (халықаралық ынтымақтастық үшін ашықтық деңгейі, ҒЗТКЖ-дағы жеке сектордың үлесі, жоғары оқу орындарының автономия дәрежесі) анықталды. Зерттеудің негізгі қорытындыларына мыналар жатады: ПОҚ біліктілігін арттырудың өңірлік Орталық Азия институтын құру қажеттілігі; ғылым мен білім беруді қаржыландыру көздерін кеңейтудің маңыздылығы (венчурлік қорлар, бизнеспен әріптестік); көлденең байланыстар инфрақұрылымын (кластерлер, бірлескен Деректер базалары, виртуалды зертханалар) қалыптастыру перспективасы; реформаларды әзірлеуге ғылыми қауымдастық пен ЖОО тартудың маңыздылығы. Мақалада ғылым мен білім беруді интеграциялаудың ұлттық модельдерін үйлестірудің нақты тетіктері ұсынылған: өңіраралық қорларды құрудан бастап аймақтық ерекшеліктерді ескере отырып, үздік әлемдік тәжірибелерді енгізуге дейін. ОАӨнің бірыңғай ғылыми – білім беру кеңістігін қалыптастыру утопия емес, бюрократиялық кедергілерді еңсеруді және адам әлеуетін жұмылдыруды талап ететін объективті қажеттілік екендігі атап өтілді.

Түйін сөздер: ғылым мен білімнің интеграциясы, Орталық Азия өңірі, ғылыми-білім беру кеңістігі, ҒЗТКЖ, академиялық ұтқырлық, өңірлік инновациялар.

Библиографиялық сілтемелер

-