DOI:
Мақала қазіргі әлемде әлеуметтік шиеленістің күшеюі мен интолеранттылықтың әртүрлі формаларының кең таралуы жағдайындағы толеранттылық феноменіне философиялық талдау жасауға арналған. Толеранттылық туралы түсініктердің тарихи-философиялық контексте эволюциясы — антикалық және ортағасырлық дәстүрлерден бастап, Ағартушылық дәуірі ойшылдарының идеялары арқылы ХХ ғасырдың екінші жартысы – ХХІ ғасырдың басындағы заманауи интерпретацияларға дейін қарастырылады. Шетелдік және отандық философтардың еңбектерінде ұсынылған толеранттылықты түсінудің негізгі тәсілдері талданып, олардың күшті және проблемалық қырлары айқындалады. «Төзімділік» пен «толеранттылық» ұғымдарының арақатынасына, сондай-ақ толеранттылықтың шекаралары мен оның интолеранттылыққа трансформациялану шарттарына ерекше назар аударылады. Толеранттылықты абсолюттендірудің мүмкін еместігі және оны адам құқықтарын құрметтеу мен қоғамдық тұтастықты сақтауға байланысты белгілі бір шектері бар этикалық қағида ретінде ұғыну қажеттілігі негізделеді. Қорытындыда толеранттылықты одан әрі зерттеу, оның мәдениет пен әлеуметтік практиканың әртүрлі салаларындағы көрініс беру ерекшеліктері мен шекараларын айқындауға бағытталуы тиіс деген тұжырым жасалады.
Түйін сөздер: толеранттылық, төзімділік, интолеранттылық, адам (кісілер),
айырмашылықтар, толеранттылықтың шекаралары (шектері).