DOI:
Мақала кәсіби философиялық білім берудің проблемаларына, сондай-ақ университеттік даярлықтағы философиялық емес мамандықтар үшін оқытылатын жалпы философия курсын оқыту мәселелеріне арналған ой-толғау түрінде жазылған. Философияның пайдасыздығы немесе, керісінше, қажеттілігі туралы сұрақ оның бүкіл тарихы бойында үнемі қатар жүріп келеді. Жасанды интеллект дәуірінің басталуына байланысты «философия қажет пе?» деген сұрақтың аясында біз ЖИ-дің «келуінің» оң (инструменталдық) қырларын да, сонымен қатар оның шектеулілігін, ал кейбір тұстарда қазіргі университеттік білім берудің мәнін құрайтын тұлғалық, білімдік және дүниетанымдық міндеттерді шешуге қабілетсіздігін де қарастырамыз. Осыған байланысты біз жасанды интеллектке делдал әрі көмекші рөлін бере отырып, философияны оқыту үдерісінің өзін, яғни философияны студенттердің тұлғалық социогуманитарлық білім беру форматы аясында игеру үдерісін сақтау және өзектендіру аса маңызды деген қорытындыға келеміз. Мақала білім беру үдерісінің әрі білім алушылардан, әрі білім берушілерден елеулі рухани күш-жігерді талап ететінін атап көрсетеді; дәл осы күш-жігер дүниедегі өз болмысын түсіну ретінде ерекше бір рухани-практикалық тәжірибені тудырады. Біздің ойымызша, бұл тәжірибе дүниетаным деп қабылданатын сананың нәтижелерін пайымдау, сенім және сол нәтижелермен алмасудың ерекше түрін қалыптастырады. Университетте философияны оқытудың практикалық және әдіснамалық тәжірибесі ретінде біз оқу үдерісінде философияда философиялық емес формаларда ұсынылған, салыстырмалы түрде жаңа мазмұнның ауқымды қабатын пайдалану жөніндегі өз тәжірибемізді ұсынамыз. Біздің көзқарасымызша, бұл білім беру үдерісінің шеңберін едәуір кеңейтуге, оны неғұрлым қарқынды әрі қызықты етуге мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: философия, метафизика, білім, жасанды интеллект, философияның философиялық емес формалары.