ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ ЖАЙЛЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Том 89 № 4 (2025), ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
Том 89 № 4 (2025)
2025-11-14

Авторлар

  • Адилет Нысанбаев С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Нысанбаев, А. (2025). ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІЛІГІ ЖАЙЛЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ. Аль-Фараби, 89(4), 49–63. https://doi.org/10.48010/2025.4/1999-5911.05

Аңдатпа

Мақалада қазақ мемлекеттілігі туралы мәселенің философиялық мазмұнын, оның қалыптасу, даму ерекшеліктерін Алаш қайраткерлерінің шығармашылығы арқылы ашып көрсетуге талпыныстар жасалынған. Философия тарихындағы мемлекет және оның басқару үлгілері туралы ұғым, түсініктерге шолулар жасалады. Мемлекеттің түпкі мәні және оны басқару үлгілері барлық өркениеттер мен мәдениеттер үшін бірдей екендігі тұжырымдалады. Қазақтың өзін-өзі тануына, алдыңғы қатарлы елдер қатарына енуіне жол ашатын қайнарлар қатарындағы алаш қайраткерлерінің саяси-философиялық ойларының әлеуеті ашып көрсетілген. Әлихан Бөкейхан ғылыми зерттеулерінің  қазақтың философиялық ой жүйесі  өрісін кеңейтудегі рөлі айқындалады.

Түйін сөздер: мемлекет,  қазақ мемлекеттілігі, автономия, басқару формалары, билік, демократия, демократиялық республика, тәуелсіздік, еркіндік.