Әлеуметтік гуманитарлық зерттеулер журналы
АДАМ. ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖАҢАРТУ ПАРАДИГМІ РЕТІНДЕ: ШАРТТАР, ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДЕР (ПӘНАРАЛЫҚ КӨЗҚАРАС)

Том 89 № 4 (2025), АДАМ. ҚОҒАМ. МӘДЕНИЕТ
Том 89 № 4 (2025)
2025-11-14

Авторлар

  • Шолпан Жаманбалаева ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты
  • Елена Бурова ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты
  • Алёна Адамиди Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ​​университеті

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Жаманбалаева, Ш., Бурова, Е., & Адамиди, А. (2025). ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖАҢАРТУ ПАРАДИГМІ РЕТІНДЕ: ШАРТТАР, ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ТӘУЕКЕЛДЕР (ПӘНАРАЛЫҚ КӨЗҚАРАС). Аль-Фараби, 89(4), 96–115. https://doi.org/10.48010/2025.4/1999-5911.09

Аңдатпа

Жасанды интеллект (ЖИ) мәселесі ғылыми, қоғамдық-саяси дискурс тарда және күнделікті өмір тәжірибесінде өзекті тақырыптық күн тәртібіне айналды. Цифрландырудың қарқынды дамуы мен жасанды интеллекттің кеңінен таралуы
қоғамды, экономиканы және жеке өмірді түбегейлі өзгертіп жатыр. ЖИ парадигмасы тек технологиялық емес, сонымен қатар әлеуметтік-гуманитарлық өлшемдерде де көрініс табатын пәнаралық ғылыми дискурс аясында қалыптасады. Қоғам өмірінің барлық
салаларына цифрлық технологияларды енгізу әлеуметтік-мәдени, экономикалық, саяси,
психологиялық, экологиялық, құқықтық, этикалық аспектілерде түрлі мәселелер спектрін
туындатады. ЖИ технологияларының жеке тұлғалық өлшемдерінде өмір сүрудің
қолайлы жағдайларын қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ тұлғалық бірегейлікке
айтарлықтай әсер ететін адамның цифрлық шындыққа тәуелділігін қалыптастырады.
Қоғамның цифрлық трансформациялануы мемлекет тарапынан тәжірибелік
алгоритмдерді әзірлеу мен жүзеге асыруды, мұқият талдауды талап ететін осы уақытқа
дейін болмаған мүмкіндіктермен қатар сын-қатерлер мен қауіптерді де туындатады.
Мақалада Қазақстандағы цифрландырудың әлеуметтанулық өлшемдерінің
нәтижелерін түсіндірудің пәнаралық тәсілі және ғылыми, ресми дереккөздерге дискурс
талдау жүргізу негізінде ЖИ ұлттық парадигмасын қалыптастырудың өзекті контексттері
ұсынылған.
Түйін сөздер: жасанды интеллект (ЖИ),  қпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ),  Қазақстан, жаңғырту, тәуекелдер, цифрлық қоғам.