DOI:
Ортағасырлық ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің осы күнге дейін жеткен еңбектерінің бір бөлігі әлеуметтік- этикалық тұрғыда жазылған трактаттар болып табылады. Берілген мақалада әл-Фарабидің «Kitab al-Aadab al-Mulukiyya wa al-Akhlaq al-Ikhtiyariyyah» (كتاب اآلداب الملوكية واألخالق اإلختيارية), «Kitab tahsil al-Saada» ("كتاب تحصيل السعادة" – Бақытқа жету жайында), "Kitab Fusul al-Madani" ("كتاب فصول المدني" – Мемлекеттік қайраткердің нақыл сөздері), «Kitab al-Siyaasaat al-Madaniyya» ("كتاب السياسات المدنية" – Азаматтық саясат), «Kitab al-Tanbih аla sabil al-Sayada» ("كتاب التنبيه على سبيل السعادة" – Бақыт жолын сілтеу), «Kitab Araa Ahlu al-Madina al-Fadila» ("كتاب آراء اهل المدينة الفاضلة" – Қайырымды, ізгі қала тұрғындарының ой-пікірлері) сияқты трактаттарында көтерілген мәселелер қарастырылады.
Сонымен қатар әл-Фарабидың жоғарыда аталған трактаттарының қолжазбасы негізге алына отырып, оның адам, қоғам және этникалық құндылықтар туралы айтылған ойларына ғылыми талдау жасалады. Әбу Насыр әл-Фарабидің ортағасырларда жазған трактаттарындағы философиялық ой-толғамдары бүгінгі жаһандану заманында өз маңыздылығын жойған емес. Ортағасырлық ойшылдың этникалық құндылықтар туралы еңбектері бүкіл адамзаттың игілігі үшін баға жетпес қазына болып табылады.
Түйін сөздер: әл-Фараби, адам, қоғам, өркениет, этикалық құндылықтар, философиялық трактаттар.