Әлеуметтік гуманитарлық зерттеулер журналы
ДІН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН

ИМАМ ӘЛИ КӨЗҚАРАСЫНДАҒЫ ЭТИКАЛЫҚ ТҮCIНIКТЕРДI ЖІКТЕУ ЖӘНЕ ТҮСІНДІРУ

Том 89 № 4 (2025), ДІН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН
Том 89 № 4 (2025)
2025-11-14

Авторлар

  • Сарвар Очилов Мирзо Ұлықбек атындағы Өзбекстан Ұлттық Университеті

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Очилов, С. (2025). ИМАМ ӘЛИ КӨЗҚАРАСЫНДАҒЫ ЭТИКАЛЫҚ ТҮCIНIКТЕРДI ЖІКТЕУ ЖӘНЕ ТҮСІНДІРУ. Аль-Фараби, 89(4), 144–158. https://doi.org/10.48010/2025.4/1999-5911.12
Онлайн оқу
pdf (Русский) download-btn

Аңдатпа

Мақала имам Әлидың көзқарастарындағы этикалық ұғымдарды жіктеуге және түсіндіруге арналған. Онда қалау, жан дүние, имандылықты қабылдау, әдептілік, бала тәрбиесі мен жан тәрбиесі, ізгі адамгершілік туралы пікірлер тізбектеліп берілген. Бұл мақаланың мақсаты – имам Әлидың көзқарастарындағы этикалық ұғымдардың негізгі аспектілерін қарастыру және түсіндіру. Ойшылдың мынадай негізгі ойлары алғаш рет жүйелі түрде талданады. Имам Әли адамның адамгершілігін оның қалауына қарай түсіндірді. Ол қалауларға мойынсұну жақсылыққа апармайды деп сенген, сондықтан ол қалауды мақұлдамаған. Нәпсіні жамандықтан қорғау туралы айтып, бұған итермелейтін игі істерді жасау деп есептеген. Имам Әли байлық пен кедейлік, яғни жан дүниесіндегі ізгілік пен жамандық, адамдардың разылығы туралы пікір білдірді. Имам Әлидің ақылақ, әдепті қабылдау адамның болмысына байланысты деген көзқарастары келтірілген. Бұл адамның жаратылысы жақсылыққа бейім болса, оның бойында ізгі адамгершілік қалыптасады, ал егер адамның жаратылысы жамандыққа бейім болса, оның бойында жаман мінез-құлық орнығады деп түсіндіріледі. Тұлғаның адамгершілігін арттыруда тәрбиенің рөлін ерекше атап көрсетті. Ата-аналарды жастайынан тәрбиелеуге шақырып, жанды тәрбиелеудің ең жақсы әдісі имандылық деп есептеді. Имам Әли мінсіз, яғни жақсы ақылақ, мақтауға тұрарлық іс-әрекеттер деп атап, оларды біреу-біреуден келтіреді.

Түйін сөздер: Имам Әли, қалау, жан, адам болмысы, әдеп, тәрбие, жақсы
ақылақ, жақсылыққа бейімділік, тақуалық.