ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНАН ШЫҚҚАН ҒАЛЫМДАР ЕҢБЕКТЕРІНІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

Том 89 № 3 (2025), ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
Том 89 № 3 (2025)
2025-09-30

Авторлар

  • Азамат Жамашев әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0002-5330-9437
  • Айнура Курманалиева әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0001-5299-2695
  • Назерке Елеусызбаева әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті https://orcid.org/0009-0003-9413-2900
  • Медет Әбділлә Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті https://orcid.org/0009-0009-0082-8338

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Zhamashev, A., Kurmanaliyeva, A., Yeleussyzbayeva, N. ., & Abdilla, M. (2025). ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНАН ШЫҚҚАН ҒАЛЫМДАР ЕҢБЕКТЕРІНІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ. Аль-Фараби, 89(3), 18–28. https://doi.org/10.48010/2025.3/1999-5911.02

Аңдатпа

Орта ғасырларда қазақ даласынан әлемдік өркениетке үлесін қосқан танымал ғалымдар шықты. Олар философия, әдебиет, математика, ислам ғылымдары бойынша ғылыми еңбектер жазып, артында өшпес із қалдырды. Тарихи-биографиялық еңбектерде ғалымдардың өмірбаяндары, еңбектері, діни және мемлекеттік қызметі жайлы мәліметтер баяндалады. Бұған дейін қазақ жерінен шыққан ғалымдар, негізінен, географиялық белгілеріне байланысты классификацияда қарастырылып келеді. Ал бұл мақаланың мақсаты – ғалымдар еңбектерінің ғылым салалары бойынша пәндік классификациясын ұсыну, ортақ белгілері негізінде анализ жасап, келесі кешенді, әдістемелік зерттеулерге негіз болу. Осылайша, Мұхаммед ибн Ахмад әл-Испижабидің «Зәд әл-фуқаһа», Хусамуддин әс-Сығанақидің «ән-Ниһая фи шарх әл-һидая», Исмаил әл-Жауһаридің «ас-Сихах таж әл-луға уә сихах әл-арабия» сынды еңбектер зерделеніп, олардың ислам ғылымдарындағы орны айқындалады. Зерттеуде әр өңірден шыққан ғұламалардың ғылыми еңбектері ислам ғылымдарындағы салаларға бөлініп, топтау және классификация жасау арқылы көрсетіледі, сонымен қоса, бұл жұмыс жалаң классификациямен шектелмейді, шығармалардың географиялық, тақырыптық белгілері бойынша ұқсастықтары мен айырмашылықтарына анализ жасалады.

Түйін сөздер: қазақ даласының ғалымдары, еңбектер классификациясы, Түркістани, Фарабилер, салалық классификация, шариғи ғылымдар, жаратылыстану ғылымдары.