DOI:
Мақалада қоғамдық қатынастардың әртүрлі салаларын мемлекеттік басқаруда цифрлық технологияларды қолдану мәселесі талданады. Бұл мәселе Қазақстанда әліде аз зерттелгендіктен, талдау көбінесе теориялық және қолданбалы сипаттағы шетелдік ғылыми әзірлемелер негізінде жүргізілді.
Ақпараттық жүйелер мен бағдарламалық платформалар туралы әдебиеттер бүгінгі таңда мемлекеттік басқару сарапшылары үшін бірқатар әртүрлі сандық құралдардың бар екенін көрсетеді. Сонымен қатар, мұндай цифрлық инновациялар экономика мен өндіріс салаларында ғана емес, сонымен қатар іргелес қоғамдық салада да мемлекеттік басқаруда барған сайын өз қолданылуын табуда. Осыған байланысты қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс деңгейін бақылауда, бағалауда және болжауда оларды пайдалану мүмкіндіктері теориялық және практикалық қызығушылық тудырады. Бұл қоғамда қайшылықты жағдайлардың туындауының алдын алу мақсатында мемлекеттік саясат деңгейінде уақтылы шараларды әзірлеу және қабылдау арқылы әлеуметтік шиеленісті жүйелі және жедел реттеуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Көпшілікпен қарым-қатынас жұмысы сандық технологияларды қолдануға болатын қоғамдық қатынастарды басқарудың тағы бір саласы табылады. Қоғамдық саланы мемлекеттік басқарудың бұл саласының маңыздылығы билік пен қоғам арасында «кері байланыс» орнату қажеттілігімен түсіндіріледі. Бұл аспектілер қоғамдық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты ғылыми-сараптамалық қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру мақсатында кешенді зерттеулерді қажет етеді.
Түйін сөздер: сандық технологиялар, мемлекеттік басқару, қоғамдық қатынастар, әлеуметтік шиеленіс, көпшілікпен қарым-қатынас.