ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

САНАНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ТҮРКІЛІК МӘДЕНИЕТ: ШАМАНДЫҚ ОНТОЛОГИЯ МЕН РУХАНИ САБАҚТАСТЫҚ

Том 89 № 2 (2025), ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
Том 89 № 2 (2025)
2025-06-30

Авторлар

  • Манат Қанағатов М. Тынышбаев атындағы ALT университеті https://orcid.org/0000-0002-3412-6918
  • Бағдатқали Қулыбек Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті https://orcid.org/0009-0009-1855-1920

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Қанағатов, М., & Қулыбек, Б. . (2025). САНАНЫҢ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ТҮРКІЛІК МӘДЕНИЕТ: ШАМАНДЫҚ ОНТОЛОГИЯ МЕН РУХАНИ САБАҚТАСТЫҚ. Аль-Фараби, 89(2), 31–42. https://doi.org/10.48010/2025.2/1999-5911.03

Аңдатпа

Түркі халықтарының рухани болмысында исламға дейінгі сенім жүйелері, соның ішінде шамандық дәстүр мен оған тән сананың өзгерген күйлері феномені айрықша орын алады. Бұл күйлер — адамның дүниені ерекше қабылдауына мүмкіндік беретін трансформациялық рухани тәжірибе ретінде, түркілік мәдениет пен дүниетанымның терең қабаттарын тануға жол ашады. Сананың мұндай күйі көне шамандық практикаларда негізгі әдіс ретінде қолданыла отырып, олардың психологиялық және философиялық қырларын ашады. Бүгінде бұл сенім жүйелері жаһандану ықпалында әлсірегенімен, олардың символдық мәні мен мәдени жадтағы орны сақталып отыр. Мақалада сананың өзгерген күйінің көшпенділер мәдениетіндегі маңызы, шамандық дүниетаным мен ислам арасындағы байланыс, сондай-ақ дәстүрлі сенімдердің заманауи көріністері талданады. Зерттеу пәнаралық әдістерге сүйеніп, мәдени сабақтастықты философиялық тұрғыдан пайымдауға бағытталған.

Түйін сөздер: шамандық, түркілік дүниетаным, сананың өзгерген күйлері, тәңіршілдік, дәстүрлі сенім, ислам және шамандық, мәдени сабақтастық