ПОЛИТИЧЕСКИЕ РЕАЛИИ СОВРЕМЕННОСТИ

ДҰШПАН ОБРАЗЫН ЖАСАУ: ЛЬЮИС ПЕН ХАНТИНГТОННЫҢ ИСЛАМОФОБИЯЛЫҚ ЖӘНЕ НЕО-ОРИЕНТАЛИСТІК КӨЗҚАРАСТАРЫН ТАЛДАУ

Том 88 № 4 (2024), ПОЛИТИЧЕСКИЕ РЕАЛИИ СОВРЕМЕННОСТИ
Том 88 № 4 (2024)
2024-10-31

Авторлар

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Zhumatay, G., & Yskak , A. (2024). ДҰШПАН ОБРАЗЫН ЖАСАУ: ЛЬЮИС ПЕН ХАНТИНГТОННЫҢ ИСЛАМОФОБИЯЛЫҚ ЖӘНЕ НЕО-ОРИЕНТАЛИСТІК КӨЗҚАРАСТАРЫН ТАЛДАУ . Аль-Фараби, 88(4), 104–119. https://doi.org/10.48010/2024.4/1999-5911.09
Онлайн оқу
pdf (Русский) download-btn

Аңдатпа

Бұл мақалада АҚШ пен басқа батыс елдеріндегі исламофобияның идеологиялық және тұжырымдамалық негіздері мен қазіргі жағдайы сыни тұрғыдан қарастырылады. Тақырып бойынша зерттеулерге сүйене отырып, мақалада Бернард Льюис пен Самюэль Хантингтонның нео-ориенталистік исламофобиялық көзақарастары мен дискурстарын талдауға мән береміз. Осыған байланысты Льюис пен Хантингтонның дискурстарындағы неоориентализм мен исламофобияның интеллектуалдық және теориялық негіздерін анықтау мақсатында олардың негізгі еңбектерін сыни тұрғыдан талдаймыз. Сондай-ақ Льюис пен Хантингтон көтерген нео-ориенталистікисламофобиялық көзқарастар мен дискурстардың Джордж Буш әкімшілігі тұсындағы АҚШ-тың сыртқы саясатына және американдық қоғамдағы исламофобиялық тенденцияларға қалай ықпал еткенін қарастырамыз. Льюис пен Хантингтонға ерекше назар аударуымыздың себебі АҚШ пен басқа Батыс елдеріндегі қазіргі исламофобия белгілі деңгейде осы ғалымдардың көзқарастарының ықпалымен белең алуымен байланысты. Зерттеудің нәтижелері Льюис пен Хантингтонның Батыстағы нео-ориенталистікисламофобияның өршуіне, сондай-ақ АҚШ пен басқа да Батыс елдерін мұсылмандарға қарсы соғысқа итермелеуге үлкен үлес қосқанын көрсетеді. Сонымен қатар исламофобиялық тенденциялар Батыстан тыс басқа елдерде, соның ішінде Қазақстанда да кең етек алып бара жатқаны айқын байқалады. Осыған байланысты діни төзімсіздік, ксенофобия, нәсілшілдік пен исламофобияның шырмауынан шыға алмаған Батыстың либералды демократиялары өзге батыстық емес елдерге үлгі бола алмайды деген қорытындыға келдік.

Түйін сөздер: исламофобия, нео-ориентализм, ислам, мұсылмандар, Льюис, Хантингтон, АҚШ, Батыс