Құрметті авторлар!
Ағымдағы жылдың 1 қаңтардан бастап ҚР БҒМ ҒК «Философия, саясаттану және дінтану институты» ШЖҚ РМК басқа да ақылы қызметтер құнының прейскуранты жаңартылды. Журнал редакциясы жариялауға қабылдаған бір мақаланың құны 60 000 (алпыс мың) теңгені құрайды.
Сонымен қатар, журнал жүйесінде мақаланы тіркеу және беру кезінде авторлар плагиатқа тексерудің лицензиялық жүйесін сатып алуға, рецензенттердің еңбегіне ақы төлеуге және журналдардың редакциясына баспагердің шығыстарын жабу үшін 10 000 (он мың) теңге жарна төлейді. Журнал редакциясы мақаланы қабылдамаған жағдайда, сома қайтаруға жатпайды. Мақала журналдың формальды талаптарына сәйкестігін қарау және рецензиялау нәтижелері бойынша түзетілгеннен кейін қайта жіберілген жағдайда, авторлар мақала құнының 10 000 теңгесін қайтадан енгізуге тиіс.
Журнал редакциясы шетелдік авторлар үшін жеңілдіктер ұсынады. Егер мақала авторларының бәрі өзге мемлекеттердің азаматы болса, қолжазбаларды өңдеу үшін төлем алынбайды. Бұл шара халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуды, шетелдік зерттеушілердің ғылыми қызметіне оңтайлы жағдай жасауды және олардың жариялау белсенділігін жоғарылатуды көздейді. Егер мақала шетелдік және қазақстандық авторлардың бірігуімен дайындалса, онда төлем есебі қолжазбаны өңдегені үшін төлемнен босатылған және бекітілген тариф кімдерге тиесілі, соған байланысты авторлар санына теңдей бөліну арқылы жүзеге асырылады.