Журнал туралы
«Әл-Фараби» әлеуметтік-гуманитарлық зерттеулер журналы қазіргі әлеуметтік-гуманитарлық білімнің философиялық-саяси және рухани-танымдық өзекті әрі пікірталас тудыратын мәселелерін қамтиды.
Мерзімді басылымды және (немесе) ақпарат агенттігін есепке қою туралы куәлік №13403-Ж, 2013 жылғы 22 ақпан.
Мерзімді басылымдар үшін халықаралық стандартты нөмірі бар – ISSN 1999-5911.
Журнал 2003 жылдан бастап шығарылады. Шығу жиілігі – жылына 4 рет.
Негізін қалаушы: Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты Философия, саясаттану және дінтану институты – 1958 жылы құрылған елдің жетекші ғылыми-зерттеу мекемесі, Қазақстандағы академиялық ғылымның мұрагері.
Жазылу индексі – 74671.
«Ұлттық мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ-ның Қазақстандық базасында индекстеледі.
Журнал мақалаларына DOI нөмірі беріліп, CrossRef деректер базасында тіркеледі.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті философия ғылымдары бойынша және Өзбекстан Республикасының Жоғары аттестациялық комиссиясы тарапынан 09.00.00 – Фәлсафа фанлари мамандығы бойынша диссертациялардың негізгі ғылыми нәтижелерін жариялауға ұсынылған.





