ҚАЗІРГІ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ

ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ «НАДАНДЫҚ» ҚҰБЫЛЫСЫ

Том 89 № 2 (2025), ҚАЗІРГІ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ
Том 89 № 2 (2025)
2025-06-30

Авторлар

  • Ақмарал Сырғақбаева Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті http://orcid.org/0000-0001-8075-1418
  • Неля Рушанова Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті https://orcid.org/0000-0002-6757-1671
  • Жаңыл Мадалиева Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет https://orcid.org/0000-0002-3050-4301

Дәйексөздерді қалай жазу керек

Сырғақбаева, А., Рушанова, Н. ., & Мадалиева, Ж. (2025). ӘЛЕМДІК ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫНДАҒЫ «НАДАНДЫҚ» ҚҰБЫЛЫСЫ. Аль-Фараби, 89(2), 54–62. https://doi.org/10.48010/2025.2/1999-5911.05

Аңдатпа

Бұл мақалада түркі әлемінің көрнекті ойшылы Әбу Насыр әл-Фарабидің этикалық философиясындағы «надандық» ұғымы жан-жақты талданады. Әл-Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатында» қоғам дамуының идеалды үлгісін сипаттай келе, оған қарсы мағынадағы «Надан қала» түсінігін енгізеді. Бұл ұғым арқылы ойшыл қоғамдағы рухани тоқырау мен зияткерлік әлсіздік түрлі теріс құбылыстар мен әлеуметтік күйзелістерге жол ашатынын ескертеді. Сонымен қатар мақалада ежелгі грек философиясының өкілдері – Сократ, Платон және Аристотель еңбектеріндегі «надандық» ұғымының мәні мен этикалық тұжырымдары сараланып, олардың әл-Фараби көзқарастарымен философиялық үндестігі мен айырмашылықтары қарастырылады. Шығыс пен Батыс дүниетанымындағы этикалық ой-пікірлердің өзара байланысы мен заманауи маңызына назар аударылады. Мақаланың мақсаты – әл-Фарабидің этикалық көзқарасындағы «надандық» ұғымын талдау және оны антикалық философиялық ілімдермен салыстыра отырып, бүгінгі қоғам үшін маңызын айқындау.

Түйін сөздер: Әл-Фараби, надандық, философия, этика.