ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ

ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ ӘДІЛЕТТІЛІК ТҮСІНІГІ

Том 86 № 2 (2024), ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫ
Том 86 № 2 (2024)
2024-06-28

Авторлар

  • Кулсия Магражовна Конырбаева
  • Әділет Нысанбаев С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Университеті https://orcid.org/0009-0007-3765-6037

Аңдатпа

 Мақалада Әлихан Бөкейханның әлеуметтік-философиясындағы әділеттілік  жайлы идеялары зерделенген. Алаш көшбасшысының әлеуметтік саяси көзқарасы жаңа дүниетанымдық тұрғыдан қазақ қоғамын жетілдіру жолдары, автономия және ұлттық тәуелсіздік контексінде айшықталды. Алаш көшбасшысының басты мақсаты тәуелсіз, ізгілікті, зайырлы қазақ қоғамын құру болды. Жалпыұлттық мақсатқа жету жолында ұлтты ұйыстыру бағыттары анықталып, әділетті қазақ қоғамын құрудың концепциялары жасалды. Ол қағидаттар ұлтжандылықты, адалдықты, әділеттілікті, ұйымшылдықты қажет еткен жалпы адамзаттық прогресске жетудегі игі құндылықтарды орнықтырумен сипатталды. Әлихан Бөкейхан өзінің сараптамалық талдауларында адам жасампаздығы мен шығармашылық әлеуеті елдің экономикалық дамуын жеделдетумен қатар, адамдардың интеллектуалды және рухани жетілуінің алғы шарттары екендігін дәйектейді. Әлихан Бөкейханның ұлттың саяси-әлеуметтік және мәдени-рухани өркендеуі жайлы ойларымен ұстанымдары қазіргі Қазақстанның болашақтағы даму барысымен үндесетіндігі ашылып көрсетілді.

Түйін сөздер: дүниетаным, дәстүрлі құндылықтар, ұлттық тәуелсіздік, қазақ мемлекеттілігі, еркіндік, адалдық, әділеттілік, ар-ождан.