ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯ: ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫ

РУТ БЕНЕДИКТТІҢ «ХРИЗАНТЕМА МЕН ҚЫЛЫШТЫҢ» СЫНИ ТҮСІНДІРМЕСІ

Том 86 № 2 (2024), ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИЛОСОФИЯ: ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЗЕРТХАНАСЫ
Том 86 № 2 (2024)
2024-06-28

Авторлар

  • Земфира Ержан КазНУ им. аль-Фараби
  • Алия Масалимова Қазақстан республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы http://orcid.org/0000-0003-0708-2478

Аңдатпа

Мақалада жапонтанудағы ең атақты кітаптарының бірі, Р. Бенедикттің «Хризантема мен қылыш» еңбегін бағалаудағы сыни дәстүрдің қалыптасу тарихымен таныстырылады. Бүгінгі таңда автордың әдіснамасында тарихи көзқарастың кемшілігін көрсеткен жапон замандастарының мақалалары объективті деп танылады. Көптеген зерттеушілер Р. Бенедикт кітабында ХХ ғасырдың 70-жылдарында пайда болған жапондықтардың бірегейлігі, нихонджинрон концепциясының негізгі дискурстары қалыптасқан деген пікір білдіреді. Р. Бенедикттің Жапонияны сипаттау тәсілі батыс антропологиясында қазіргі Шығыс мәдениеттерін зерттеу әдістерінің жоқтығынан сұранысқа ие болған ориентализм дәстүрлерін жалғастырады. «Хризантема мен қылыш» феномені көптеген өзекті зерттеулердің көрсеткіші болып табылады: ұлттық құрылыс теориясы, постколониалдық теория, модернизация теориясы және модернизмнің көптігі теориясы.

Түйін сөздер: Рут Бенедикт, нихожинрон, Жапония модернизациясы, ориентализм, вестернизация, примордиализм, ұлт құру.