ЗАМАНУИ ҚОҒАМ: БІРЕГЕЙЛІК. ЖАҢҒЫРУ. БОЛАШАҚ

«АНТИТЕРРОРИСТІК САНА» КОНЦЕПЦИЯСЫНА ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТАЛДАУ

Том 85 № 1 (2024), ЗАМАНУИ ҚОҒАМ: БІРЕГЕЙЛІК. ЖАҢҒЫРУ. БОЛАШАҚ
Том 85 № 1 (2024)
2024-03-27

Авторлар

Аңдатпа

Қазіргі қоғам қарқынды өзгерістер дәуірінде өмір сүруде. Жаһандану, әлеуметтік-саяси дүрбелістер, идеология дағдарысы, бұқаралық мәдениеттің дамуы, ең алдымен жалпы адамзаттық, жалпы мәдени құндылықтардан алшақтау сияқты үдерістер қазақстандық қоғамның құндылық парадигмалары жүйесінде елеулі өзгерістерге әкелді. Осыған байланысты жаңа гуманитарлық білімдегі «антитеррористік сана» ғылыми тұжырымдамасын әзірлеу өзектілікке ие болып отыр. Бұл зерттеу гуманитарлық ғылымның маңызды салаларын қамти отырып, терроризмге қарсы іс-шараларды әлеуметтік-философиялық талдау тұрғысынан және қазіргі философияның, әлеуметтік онтологияның және феноменологияның орталық проблематикасының бірі ретінде пәнаралық талдау негізінде қарастырады.

Түйін сөздер: философия, жаппай сана, қазіргі қоғам, ақпараттық орта, терроризм, ақпараттық соғыс, идеология, құндылықтар.