МӘДЕНИЕТ. ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛІНДЕГІ ДЕНСАУЛЫҚҚА, АУРУҒА ҚАТЫСТЫ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ МӘДЕНИ-ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ

Том 81 № 1 (2023), МӘДЕНИЕТ. ҚҰНДЫЛЫҚТАР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС
Том 81 № 1 (2023)
2023-04-19

Авторлар

Аңдатпа

Мақал-мәтелдер белгілі бір халықтың өмір сүру салтын, басынан өткерген тарихын, өмірлік тәжірибесін танып білуімізге мүмкіндік беретін бір халықтың өткені мен бүгінін жалғап тұратын мәдени көпір. Мақал-мәтелдер түбі бір туыс халықтарда ортақ болуымен қатар өзіндік варианттарымен де қалыптасқандарының бар екенін көреміз. Мақаламызда  қазақ және түрік тіліндегі денсаулыққа, ауруға қатысты мақал-мәтелдердің салауатты өмір салтын насихаттауы мәдени контекстте салыстырмалы түрде қарастырылады.Екі туыс халық тарихи себептермен қаншалықты бір-бірінен алшақ болса да  өткені мен бүгіні сабақтас екенін, халықтың өткенін ұрпақтан ұрпаққа жалғастыратын кумилятивтік функциясын көре аламыз. Мақаламызда берілген мақал-мәтелдер қазақ тіліндегі «Бабалар сөзі» кітабының 65-томынан, Әбдуәли Қайдардың «Халық даналығы» кітабынан ал түрік тіліндегі мақал-мәтелдер Түрік тілі ұйымының «Атасөздер және фразеологизм» сөздігінің электронды нұсқасынан (TDK Türk Dil Kurumu Atasözler ve deyimler sözlüğü https://sozluk.gov.tr) және Уғур Гүрсүнің (Uğur Gürsu https://tez.yok.gov.tr) докторлық диссертациясынан жинақталды. Қазақ тілінде және түрік тілінде  мақал-мәтел қарастырылып олар тақырыптық жағынан топтастырылып мағынасы ашып берілді. Қарастырылған мақал-мәтелдер сипаттамалы, салыстыру әдісімен талданды. Денсаулық пен ауруды бейнелейтін мақал-мәтелдер төмендегідей тақырыптық топтарға бөлініп берілді:

- мағынасы мен құрам-құрылымы абсалютті ұқсас мақал-мәтелдер

- компоненттерінде аздаған өзгеріс бар, дегенмен мазмұны ұқсас мақал-мәтелдер

- құрылымы, құрамы өзгеше, бірақ екі халықта да мазмұны өзара ұқсас мақалдар

- екі халықтың өзіне тән ерекшелігі бар мақал-мәтелдер.

Түйін сөздер: мақал-мәтелдер, халық мәдениеті, денсаулық, ауру атаулары, қазақ халқы, түрік халқы, халық білімі, паремиология.