ӨТКЕН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДІН

ДІНИ ДӘСТҮРЛЕРДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ: ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ МЕН ЗОРОАСТРЛЫҚТАР АРАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАР

Том 80 № 4 (2022), ӨТКЕН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДІН
Том 80 № 4 (2022)
2022-12-14

Авторлар

Аңдатпа

Назарларыңызға  ұсынылып отырған материалымызда қазақ халқы мен ирандықтарға ортақ діндарлық дәстүрлер мен діни салт-дәстүрлердің ұлтаралық, дінаралық ерекшеліктері мен ұқсастықтары зерделеніп, талқыланады. Бүгінгі таңда Қазақстандағы қолданыстағы  қазақ дәстүрлерінің дені исламға жат, олардың кейбіреулері бөгде халықтардың салт-дәстүрлерінің элементтері, сондай-ақ ислам тарапынан «Аллаға серік қосу, дұрыс емес» деген пікірлер де аз емес. Берілген мақала аясында кейбір қазақ салт-дәстүрлерімен біте қайнасып кеткен зороастрлық діни және діни емес дәстүрлер мерекелерге қысқаша тоқталып ғылыми тұрғыдан зерттеліп, зерделенеді. Өткенге оралу, тарихты зерттеу, тарихи жәдігерлерді қайта қарастыру, рухани жаңғыру және жаңа әрі тың көзқарастарға бет бұру ізденістер мен уақыт талабы десек те болады. Кез келген халықтың өзіндік мәдениеті, рухани болмысы, рухани әлемі болары хақ. Әсілінде, ешқандай халық жеке дара тарихи, саяси-экономикалық байланыстарсыз оқшауланып өмір сүре алмайтыны секілді, мәдениет те өзара ықпалсыз, байланыссыз бола алмайды.

Түйін сөздер: Зороастризм, элемент, түрік, қазақ, рухани әлем, мәдениет, дәстүр.