ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ

ӘЛ-КИНДИДІҢ РУХ ТУРАЛЫ ІЛІМІ

Том 81 № 1 (2023), ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ
Том 81 № 1 (2023)
2023-04-19

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада арабтың ұлы ойшылы Әбу Жүсіп Жақып ибн Ысқақ әл-Киндидің терең ғалым, философ ретіндегі болмысына және сонымен бірге, араб аударма қозғалысының құлабызы сыпатындағы тарихи рөліне баса мән беріліп, дәйектелген. Әл-Кинди және бір зияткер бағыт – «фәлсафаның» бастауында тұрған ойшыл. Фәлсафа – ақылдың танымдық қуатына шексіз сенімімен айрықшаланған антик дәстүріне негізделген ілім. Алайда әл-Киндиді нағыз фәласифа деп санауға бола ма? Ғұлама ілімінің тереңдігін ұғыну үшін ойшыл ғұмыр кешкен һәм еңбек еткен зияткерлік орта һақында түсініктің болғаны жөн. Сол дәуірдегі ақыл мен сенімнің, фәлсафа мен діннің арасындағы қайшылықтар замана болмысымен шартталған. Аудармашылық қозғалысы бұл қайшылықтарды одан әрі шиеленістіре түсті. Әл-Кинди «Хақиқатқа дұрыс жолды ақылдың дәлелі яки пайғамбарлардың уәһиі көрсете ме?» деген сауал төңірегіндегі талас пен зияткерлік айтыстардың күрмеуін шешуге соқталы ұмтылыс жасады. Ұмтылыстың нәтижесі айтыс айналысындағы сауалдардың түйінін толық тарқатпаса да, ойшылдың рух туралы ілімді қалыптастыруына түрткі болды. Авторлар әл-Киндидің рух жайындағы оригинал ілімі өз бойына көптеген дүниелерді исламның қасиетті кітабынан антик философиялық ойынан кем түспейтін деңгейде шоғырландыра алғанына талдау жасайды. Осы ретте мақалада көзделген авторлардың мақсаты әл-Киндидің терең даналығын ешбір ілімнің, тіпті араб-ислам философиясындағы фәлсафа секілді ықпалды ілімнің аясында бағалаумен шектелуге болмайтындығын көрсетуде көрініс тапқан.

Түйін сөздер: әл-Кинди, аударма қозғалысы, фәлсафа, дін, рух