ТҰЛҒА. АДАМ ӨМІРІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ РУХАНИЛЫҚ

АДАМ - ӘЛЕУМЕТТІК ФЕНОМЕН

Том 81 № 1 (2023), ТҰЛҒА. АДАМ ӨМІРІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ РУХАНИЛЫҚ
Том 81 № 1 (2023)
2023-04-19

Авторлар

Аңдатпа

Адамның мәні әлеуметтік пен биологиялықтың бірлігі негізінде айқындалады. Адам мен қоғамның қарым-қатынасы ғылым мен философияның басты мәселелерінің біріне айналған.  Бұл қарым-қатынас формасы табиғи ортаның эволюциясымен және адам мен қоғамның дамуымен де өзгеріп отырды. Қазіргі таңдағы жаһандану мен қарқынды ғылыми-техникалық прогресс адам мен қоғам байланысына жаңаша сипаттар беруде. Барлық заманда адамды өмірге толық енгізетін қоғам болған, ол оның мінез-құлқын әлеуметтік мазмұнмен толтырады. Адамға тән бірқатар қасиеттер адамның өзі өмір сүретін қоғамдағы мәдени құныдылықтарды игеруінің нәтижесі. Қоғам мен адам арасындағы қарым-қатынасты философиялық тұрғыда түсіну, оны жаңаша ашу – қоғамның прогрессивті дамуына, адамзаттың болашағы үшін өзекті мәселеге айналған. Мақалада адам мен қоғам қатынасы жайлы әлеуметтік-этикалық, антропологиялық ойларды талдай отырып адамның әлеуметтік болмысы айқындалған. Әлеуметтену және оның тетіктері мен тәсілдері нақтыланған. Тұлғаның жеке стратегиясын қалыптасырудағы қоғамның және әлеуметтік қатынастардың рөлі зерделенген. 

Түйін сөздер: адам, қоғам, әлеуметтік феномен, тұлға, әлеуметтену.