МӘДЕНИЕТ. БІРЕГЕЙЛІК. ӘДІЛДІК.

ӘДІЛЕТТІЛІК ЖӘНЕ ЛИБЕРАЛДЫҚ-ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ӘЛЕМ РЕТТІЛІГІ

Том 79 № 3 (2022), МӘДЕНИЕТ. БІРЕГЕЙЛІК. ӘДІЛДІК.
Том 79 № 3 (2022)
2022-09-30

Аңдатпа

Мақалада бүгінгі өркениет кеңістігінде өмір сүретін әлемдік реттіліктің ерекшеліктері  қарастырылады. Ол құқықтың құндылықтар мен
әділеттіліктің идеалдарына деген тұрақты сенімнің негізінде қалыптасады. Сонмен қатар әділеттіліктің онтологиясын түсінудің трансформациясын талдауға ерекше мән беріледі. Логикадағы әділеттілікке жетудің кескіні: еркіндікміндеттер-құқықтың логикамен алмасуы: заң-құқық-еркіндік. Заңдардың өкілеттілігіне негізделген қоғамның әлеуметтік құрылымының эволюциясы қарастырылады.
Еуропа мен Америкадағы буржуазиялық  революциялар дәуіріндегі кейбір мемлекеттерде адам еркіндігінің өлшемдік құқығын анықтайтын заңдарға деген қажеттіліктің артқаны ерекше атап көрсетіледі. Сонымен бірге табиғи-құқықтық ілімдер мен либерализм философиясының концепцияларын қолдану қоғамдағы үстем өкілдердің құқығын кеңейту үшін ортағасырлық діни және феодалдықайқын үстемдіктен қорғау мақсатындағы ұмтылыс болды.
«Адам құқықтарын» сақтау қоғамдағы  әділеттілікке қол жеткізуде жетекші өлшемге айналғаны көрсетілген. Әлемдік реттілікте жалпы әділеттіліктің орнауының иллюзорлық негізі айқындалады.
Түйін сөздер: әділеттілік, іс-әректшілдік тәсіл, еркіндік, міндеттер, адам құқығы, демократия, құқықтық мемлекет.