ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ

АҚПАРАТТЫҚ ШЫНДЫҚТЫҢ ӘРҚИЛЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЗАМАНАУИ ТЕХНОГЕНДІ ӘЛЕМДЕГІ АДАМ ЭКЗИСТЕНЦИЯСЫ

Том 78 № 2 (2022), ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ
Том 78 № 2 (2022)
2022-06-25

Авторлар

Аңдатпа

Бұл мақалада заманауи кезеңдегі технологиялық күштің өсуі мен оның жағымсыз салдарларының артуы ақпараттық шындық әрқилығын тудырады, сонымен қатар адам экзистенциясы мәселесінің өзектене түсуіне байланысты бірқатар мәселелер бар екендігі талқыланады. Зерттеу аясында адамзат алдындағы жаңа мәселелер мен адамгершілік құндылықтар жайлы көзқарастардың  біршама бұрмаланғанын көрсетіледі. Осы гипотезаны айқындау үшін бірқатар маңызды дәлелдер келтіріледі: қоғамның бақылаусыз техникалық прогресі табиғи ресурстардың сарқылуына, экологиялық және демографиялық, экзистенциялық дағдарыстарға, табиғат апаттарына (климаттың жаһандық өзгеруі, сейсмикалық белсенділік және тектоникалық динамика және т.б.) жаһандық сипаттағы салдарларға алып келді. Сонымен қатар, ақпараттық-технологияның қарқынды дамуы адам және жалпы адамзат үшін жаңа мүмкіндіктерді ашқаны мойындалады, цифрлық қоғамдағы туындаған мәселелерді философиялық тұрғыдан талдауға, қоғамдық қатынастағы бұл құбылыстың рөлін айқындауға, қазіргі өзгермелі жағдайдағы бүгінгі күннің сұраныстарына сай шешімін табуды қажет ететін талдау нәтижелер қарастырылады.

Түйін сөздер: ақпараттық шындық, мәдениеттің түрленуі, экзистенциализм, технология, дағдарыс, рухани құндылықтар