ӨТКЕН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДІН

ХРИСТИАН ЖӘНЕ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТТЕРІНДЕГІ ДӘСТҮР: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

Том 78 № 2 (2022), ӨТКЕН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДІН
Том 78 № 2 (2022)
2022-06-25

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада дәстүрлі діндер христиан және ислам діндерінің мәдениетіндегі дәстүрге талдау жасалды. Ибраһимдік діндерге жататын құрайтын христиандық және ислам мәдениетіндегі дәстүрлер барынша ұқсастығымен ғана емес және де айырмашылықтарымен де ерекшеленеді. Авторлар қос діннің догмалары мен құлшылық пен ғибадат етуге ғана арналған діни салт-ғұрыптар жан-жақты талдау жүргізді. Діни дәстүрлерге салыстырмалы және тарихи-мәдени әдістерді қолдана отырып, сараптама жасалып, екі діндегі діни дәстүрлер, діни мерекелер мен діни салт-жоралғыларда ұқсастықтардың басымдығы көрініс табады. Бұл екі дінде қарама-қарсы сенім емес, сабақтастық жолмен пайда болған, бірін-бірі толықтыратын дін.

Түйін сөздер: Христиан, ислам, діни дәстүр, христиан және ислам дәстүрі, мәдениеті, діни дәстүрлер мен мерекелер.