ӘЛ-ФАРАБИ ФИЛОСОФИЯСЫ: АУДАРМАЛАР ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУЛЕР

ӘЛ-ФАРАБИ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ «КЕМЕЛДІК» КАТЕГОРИЯСЫ

Том 79 № 3 (2022), ӘЛ-ФАРАБИ ФИЛОСОФИЯСЫ: АУДАРМАЛАР ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 79 № 3 (2022)
2022-09-30

Аңдатпа

Мақала әл-Фараби философиясында жаратылыстану-ғылыми, тарихи-философиялық, әлеуметтік-этикалық және эстетикалық трактаттарда берілген «кемелдік» категориясын зерттеуге арналған. Әл-Фараби «кемелдік» категориясын талдай отырып, оны адам бақытына жету мәселесі аясында қарастырады. Зерттеу Әл Фараби трактаттарында қарастырылатын «кемелдік» категориясы философиялық рефлексияның онтологиялық, аксиологиялық, діни, әлеуметтік, этикалық және эстетикалық деңгейлерінде көрінеді деген қорытындыға келеді.
Түйін сөздер: философия, онтологиялық аксиология, әл-Фараби, кемелдік,
құндылықтар