ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ

ӨМІР ЖҰМБАҒЫНАН САНАНЫҢ ЖҰМБАҒЫНА ДЕЙІН

Том 78 № 2 (2022), ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ
Том 78 № 2 (2022)
2021-06-25

Аңдатпа

Мақалада «өмір жұмбағының» шешілу тарихы мен «сана жұмбағының» заманауи ғылыми философиялық тәсілдері салыстырылады. «Өмір жұмбағын» шешудің негізгі қадамдары сипатталады. Мақалада егер «өмір жұмбағы» принципті түрде шешілсе, онда «сана жұмбағының» шешімі одан әлдеқайда қиынырақ екені көрсетіледі. Бұл жұмбақтың шешілу тарихы талданып,сонымен қатар «когнитивті жабықтық», «түсіндірудегі алшақтық», «қиын мәселе» сияқты сана және ми процестері арасындағы байланысты анықтау жолындағы кедергілерді қарастырылды. Ғылым философиясындағы сананың негізгі философиялық теорияларының артықшылықтары мен кемшіліктері бағаланады: психикалық және нейрондық процестерінің теңдік теориясы, функционалдық теория, қасиеттердің дуализм теориясы.

Түйін сөздер: өмір, сана, психо-нейрондық корреляция, теңдік теориясы, функционализм, қасиеттердің дуализмі, сананы түсіндірудегі алшақтық.