ЗАМАНУИ ҚОҒАМ: БІРЕГЕЙЛІК. ЖАҢҒЫРУ. БОЛАШАҚ

ИДЕНТИФИКАЦИЯ КОНТЕКСТІНДЕГІ АНИМЕ МЕН МАНГАНЫҢ МОТИВАЦИЯЛЫҚ ФАКТОРЛАРЫ

Том 78 № 2 (2022), ЗАМАНУИ ҚОҒАМ: БІРЕГЕЙЛІК. ЖАҢҒЫРУ. БОЛАШАҚ
Том 78 № 2 (2022)
2022-06-25

Аңдатпа

Бұл мақала анименің жас ұрпақтың тұлғасына әсері мәселесін зерттеуге арналған. Аниме жапондық қоғам үшін маңызды, өйткені ол ел ішінде ұзақ уақыт даму үстінде, сонымен қатар жаһандану кезеңінде әлемнің мәдени кеңістігінде белгілі орын алып, жасөспірімдердің өзіндік санасын қалыптастырады. Бұл зерттеудің мақсаты – аниме мен манганың қазақстандық жастардың болмысына әсерін анықтау, ал алға қойылған зерттеу міндеттері келесідей: аниме мен манга сюжетінің мотивациялық факторларын ашу; аниме мен манга құндылықтарын сипаттау; аниме мен манганың қазақ жасөспірімдеріне әсер ету дәрежесін бағалау.

Зерттеу барысында жас ұрпақты ынталандыру құралы ретінде аниме мен манга сюжетіне назар аударылды. Жапон анимациясының қазіргі поп-мәдениет пен мультикультурализмдегі әлеуеті айқындалды. Социологиялық сауалнама нәтижесінде аниме мен манганың жастарды тәрбиелеудегі ерекше тәсіл ретіндегі әсері анықталды. Сауалнама нәтижесі бойынша, аниме көрермендерді өз армандарына ұмтылуға шабыттандыратынына, қандай кейіпкерлер жасөспірімнің санасында ерекше із қалдыратынын нақтыланды. Шын мәнінде, аниме – бүгінгі жастардың цифрлық медиа тілі. Аниме отаку субмәдениетін құрайды, онда жасөспірімдер өздерінің сүйікті анимациялық серияларын талқылайды, бұл жаһандану контекстіндегі қарым-қатынас тіліне айналғандығы қарастырылады.

Түйін сөздер: аниме, манга, комикс, өзін-өзі имидж, сәйкестендіру, респонденттер, мотивация, метаиденттілік.