ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ

АДАМНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ИЕЛІКТЕН ШЫҒАРУ

Том 80 № 4 (2022), ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ
Том 80 № 4 (2022)
2022-12-14

Авторлар

Аңдатпа

Адамзат тарихында, қоғамы дамуының белгілі бір кезеңінде өзінің қоғамдық қатынастары мен еңбегінің өнімдеріне өзі үстемдік еткен тұтас адамның орнына, жасағаны мен ойлап тапқаны кенет өзінен ажыраған адам келген кезде иеліктен шығару пайда болып,  одан жоғары тұрады, яғни себеп пен салдардың орны ауысады.

Салдар -  адамдардың өз игілігі үшін жасаған, адами қарым-қатынастарды реттеуді жетілдіру мен оған бағытталған жасанды заттар мен институттар жасаушылардан бөлініп, үстемдік етуі.

Адамдар барлық қоғамдық қатынастардың және өздері жасағанның бәрі өз еңбегінің өнімі екенін түсінгенде ғана, формальды емес, шын мәнінде оларды өзіне бағындыра алады, нәтижесінде бәрі өзінің және ойлау қабілетінің дамуына, даралық, сезім және т.б., адамды тұтас ететін барлық қасиеттерге бағытталады.

Түйін сөздер: иеліктен шығару, тұтас адам, жартылай тұлға, жеке меншік, мемлекет, қоғам, қоғамдық қатынастар.