ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ

ҰЛТТЫҚ САНАНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТӘСІЛІ

Том 80 № 4 (2022), ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ
Том 80 № 4 (2022)
2022-12-14

Авторлар

Аңдатпа

Мақала ұлттық санаға қатысты әртүрлі мәселелерді талдаумен, оларды жіктеумен ерекшеленеді. Дегенмен аталған талпыныстар нәтижесі алуантүрлі түсініктердің пайда болуына алып келеді. Жеке адам немесе тірі организм санасы туралы сөз қозғау бір бөлек дүние болса, тұтас бір қоғам санасына қатысты мәселелерді қарастыру өз алдына күрделі құбылыс екені анықталады. Сана ұғымын зерделеу барысында сананы зерттеу нәтижесінен пайда болған ғылыми және бірқатар философиялық тұжырымдар мен сана ұғымына қатысты мәселелердің философиялық, когнитивті, нейробиологиялық және феноменологиялық шешімдері сараланады.

Сонымен қатар, ұлттың мәдени мұрасын философиялық тұрғыдан зерделемейінше ұлт санасының мәні мен маңызын дәйектеу мүмкін еместігі анықталады. Мәдени мұра ұғымы ұлттың санасын қалыптастыратын және оған тән онтологиялық, гнесиологиялық, этикалық, әлеуметтік, эстетикалық құндылықтарды сақтаушы ретінде қарастырылады.  Ұлттың санасын қалыптастыратын интеллектуалды әлеуеті екендігі, ұлттың тарихи тәжірибесін жеткізетін қайнар көзі болып табылатыны дәйектеледі. Ұлттық сананың құрамдас бөлігі ұлттық бірегейлік мәселесі әлеуметтік топ пен жеке адамның ұлттық мүдделері мен қалауларының, әлеуметтік мұқтаждықтары мен армандарының өзара құрамдас бөліктерінен тұратыны тұжырымдалады.

Түйін сөздер: сана, ұлттық сана, ұлттық мәдениет, ұлттық тіл, ұлттық тарих, ұлттық бірегейлік.