ӨТКЕН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДІН

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИСЛАМНЫҢ РАДИКАЛДАНУЫ: «АЛОНСО ПИРАМИДАСЫ» АРҚЫЛЫ КӨРІНІС

Том 77 № 1 (2022), ӨТКЕН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДІН
Том 77 № 1 (2022)
2022-03-25

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада Қазақстанда діни радикализмнің пайда болу кезеңдері қарастырылады, сонымен қатар, елдегі террорлық әрекеттерге, қазақстандықтардың отбасыларымен Таяу Шығыстағы қарулы іс-қимыл аймақтарына кетуіне себеп болған ішкі және сыртқы факторлар да көрсетіледі. Сондай-ақ, мақалада радикалдану ұғымына қатысты негізгі мәселелер нақтыланады. Бұл термин ғылыми әдебиеттерде кеңінен қолданылады, бұл жұмыста жеке адамдар мен қауымдастықтардың дүниетанымы экстремистік, әскери немесе зорлық-зомбылыққа айналуы мүмкін көп қырлы тәсілдердің қысқартылған атауы ретінде қолданылады. Екіншіден, радикалдың жалпы қабылданған бейнесі де, радикалданудың түзу жолы да жоқ. Радикалдану адамның дүниетанымынан ажыратылған процесс емес екенін байқау маңызды болып табылады. Керісінше, радикалдану жеке тұлғаның әлеуметтенуімен байланысты, жаңа дүниетанымға белсенді қатысуды білдіреді. Сонымен қатар, авторлар келтірген эмпирикалық зерттеулерде зорлық-зомбылық жеке адамдарға жүктелмегенін көрсетеді.

Түйін сөздер: Алонсо пирамидасы, радикалдану үрдісі, фундаментализм, радикализмнің исламизациясы, жихадизм.