ЗАМАНУИ ҚОҒАМ: БІРЕГЕЙЛІК. ЖАҢҒЫРУ. БОЛАШАҚ

«ӘДЕТТЕГІДЕН КЕЙІНГІ» ШЫНДЫҚ: ПАНДЕМИЯ САБАҚТАРЫ

Том 78 № 2 (2022), ЗАМАНУИ ҚОҒАМ: БІРЕГЕЙЛІК. ЖАҢҒЫРУ. БОЛАШАҚ
Том 78 № 2 (2022)
2022-06-25

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада «әдеттегіден кейінгі» шындыққа көшуден туындаған құндылықтар жүйесінің трансформациясы талданады. Пандемияға байланысты әлем «шекаралық жағдайға» тап болды, өмірлік маңызды мәселелерге назар аударылғанда құндылықтық өзгерістерді философиялық пайымдау қажеттігі туындайды. Күн тәртібіне – өмірдің құндылығы, тұтынушылық стандарттарды жою, ынтымақтастық пен өзара көмектің моральдық императивтерін жандандыру туралы мәселелер алға шықты. «Әдеттегіден кейінгі» шындық – бұл әлемді жаңарту және тазарту, әлемдегі адам болмысының рухани-адамгершілік қағидаларын жандандыру. Денсаулық мәдениеттің құндылығы ретінде қоғамның рухани климатының жиынтығы, агрессиядан, ашкөздіктен арылу, қазақтардың дәстүрлі мәдениетінің құндылықтарына қайта оралу болып табылады. Мақалада Макс Вебер зерттеуі бойынша, «идеал – типтік образ» ретінде әрекет ететін бір қазақстандық отбасының үш ұрпағының болып жатқан оқиғаларына деген көзқарастарын талдаған сарапшының зерттеу нәтижелері мен қорытындысы келтірілген.

Түйін сөздер: адам, пандемия, әдеттегіден кейінгі шындық, өмірлік әлем, құндылықтардың трансформациясы, вакцинация, ынтымақтастық.