ӘЛ-ФАРАБИ ФИЛОСОФИЯСЫ: АУДАРМАЛАР ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУЛЕР

ӘЛ-ФАРАБИ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ МУЗЫКА АҚЫЛ ҒЫЛЫМЫ РЕТІНДЕ

Том 79 № 3 (2022), ӘЛ-ФАРАБИ ФИЛОСОФИЯСЫ: АУДАРМАЛАР ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 79 № 3 (2022)
2022-09-30

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада музыкамен байланысты философиялық сұрақтарды когнитивистиканың, әсіресе психология мен неврологияның әдістерімен қалай негіздеуге болатыны зерттелген. Музыка арқылы жеткізудің көмегімен эмоцияны күшейтуге басты назар аудара отырып, бұл зерттеу философияның аясындағы пәнаралық саланы қарастырады. Сананың терең қабаттарымен байланысты мәселелердің алғашқы іздерін ежелі грек философиясынан байқауға болады. Адамзаттың бүкіл тарихы барысында философтардың басым көпшілігі Ғалам мен сананың іргелі мәселелері туралы пайымдап, жауап табуға тырысты. Музыка философиясының тұжырымдауынша, музыка өнері, алғашқы негіздердің әрқайсысы ақылдың қозғалысын қамтиды, ол қабылдау мен сезімдерді елестетуге сәйкес келетін фрагментациямен және синтезбен (композициямен) қорытындыланады. Әл-Фараби өзінің «Музыка туралы үлкен кітап» еңбегінде ғылыми, эпистемологиялық және эмпирикалық зерттеулерге сүйене отырып, музыкалық ритмнің, ырғақтың және біріктірудің белгілі бір ерекшеліктері тыңдаушыға қалай эмоциялық әсер  ететінін бағалайды. Музыканың әлеуметтік өзара әсер етуінде белсенді рөл атқаратын музыкадағы энтропияны бақылау да біздің зерттеуімізде талданған, себебі ол – ақыл-ой философиясының негізгі динамикасы болып саналады.
Түйін сөздер: когнитивтік ғылым философиясыб ақыл-ой теориясы, музыкалық елестету, болжамдық өңдеу, этномузыкатану, нейромузыкатану.