ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ: АУДАРМАЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР

ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ АЯСЫНДА ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ЛОГИКА ІЛІМІН ЗЕРДЕЛЕУДЕГІ АРИСТОТЕЛЬ ҚАҒИДАЛАРЫН ТАЛДАУЫ

Том 77 № 1 (2022), ӘЛ-ФАРАБИ МҰРАСЫ: АУДАРМАЛАР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР
Том 77 № 1 (2022)
2022-03-25

Авторлар

Аңдатпа

Әбу Насыр әл-Фарабидің энциклопедист-ғалым болуына ол өмір сүрген дәуірдің ықпалы орсан зор болды.Сондай-ақ оның рухани әлеміне антикалық философиялық дәстүрді бойына сіңіруі үлкен әсер етті.  Анығырақ айтсақ, Аристотель философиясы мен логикасы әл-Фараби ойлары­ның теориялық қайнар көзі болды. Сонымен қатар, әл- Фарабидің логика ілімін зерделеудегі Аристотель қағидаларын талдап оны әрі қарай дамытуы мақаланың негізгі өзегі болып табылады. Әл-Фарабидің әлемде Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз», «мұсылмандық шығыста бірінші ұстаз» атануы тікелей оның логика ғылымын игеріп, оны жетілдіре түсуімен байланысты. Ойшылдың сөзін қарапайым тілмен айтқанда  «логика» адамды жақсыны жаманнан, шындықты өтіріктен, ақиқатты жалғаннан түбегейлі ажырата білуге бағыттайтын тура жолға жетелейтінін тұжырымдайды. Бұл, өз кезегінде, адамның қателіктерге бой алдырмауына, ұрынбауына септігін тигізеді. Әл-Фapaби Аристотельдің «логика» ілімін танып, оны қоғамға өз мәнерінде түсіндіре білудің әлеуметтік мәдени негіздеріне  ғылыми тұрғыдан жан-жақты талдау жасайды. Әл-Фapaбидің «логика» ілімінің теориялық негіздерін және оның маңыздылығын зерделеу  барысында, мәтіндерге герменевтикалық және компаративистік, стилистикалық зерттеу әдістері қолданылды.

Түйін сөздер: Әл-Фараби, Аристотель, өркениет, грек  философиясы, антикалық, трактаттар, фәлсафа, ғылым, Платон, логика т.б.