ҚАЗАҚСТАН: ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ САЯСИ ШЫНДЫҚ

ЦИФРЛАНДЫРУ ҮРДІСІНІҢ ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ САЯСИ ИНСТИТУТТАР МЕН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНЕ ЫҚПАЛЫ: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЫСАЛЫНДА

Том 77 № 1 (2022), ҚАЗАҚСТАН: ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ САЯСИ ШЫНДЫҚ
Том 77 № 1 (2022)
2022-03-25

Авторлар

Аңдатпа

Цифрлы технологиялардың қоғамдық-саяси өмірдің саласына интеграциялануы әлемдік тәжірибеде басты тенденцияға айналып отыр. Саяси үрдістерде цифрлы технологиялардың қолданылуы құжат айналымын қысқартуға және мемлекеттік аппараттың жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік жасайды. Еңбекті автоматтандыру, робототехника, жасанды интеллект, үлкен мәліметтер базасы, 3D басып шығару, блокчейн, интернет кеңістігіндегі сөз бостандығы сияқты ұғымдар ұлттық экономикаға жаңа серпін беріп, оның инновациялық әлеуетін арттырады. Мемлекеттік басқару жүйесіне цифрлы технологияларды енгізу – бұл тек іс-әрекеттерді «қашықтықтағы формаға» көшіру ғана емес, сонымен қатар үлкен деректерді цифрлық тұрғыда басқару, кең ауқымдағы ақпаратты игеру немесе «сандық миграция процесі» деп атауға болады.

Қазақстанда соңғы онжылдықтар бойында ғылыми зерттеу орталықтары мен саясаткерлер мемлекеттік басқару саласына цифрлық технология мен инновацияны белсенді енгізуді талқылап келеді Біріншіден, мақала авторлар цифрландыру үрдісінің саяси институттар мен мемлекеттік басқару жүйесіне ықпалын анықтайтын ауқымды ғылыми әдебиеттерге шолу жасап, зерттеу жұмыстары арасында негізгі ғылыми пікірталастарды анықтайды. Екіншіден, цифрландыру үрдісінің қоғамдық саяси инстиуттардың қызмет етуіне ықпалын анықтап, цифрландару үрдісінің демократияны қалыптастырушы рөліне талдау жасалынады. Үшіншіден,  цифрландыру үрдісінің саяси институттарға ықпалын Қазақстан Республикасы мысалында талданады.

Түйін сөздер: саяси институттар, электронды үкімет, цифрландыру процесі, демократиялық құндылықтар, азаматтық қоғам.