ТҰЛҒА. АДАМ ӨМІРІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ РУХАНИЛЫҚ

МӘДЕНИЕТ ПЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫҢ ГУМАНИСТІК ӘЛЕУЕТІ

Том 77 № 1 (2022), ТҰЛҒА. АДАМ ӨМІРІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ЖӘНЕ РУХАНИЛЫҚ
Том 77 № 1 (2022)
2022-03-25

Авторлар

Аңдатпа

Ғылыми мақалада қазақстандық қоғамның заманауи мәдениеті мен маңызды құндылықтарының қазіргі жай-күйінің сипаты мен ерекшеліктерін ашу және жаңа қазақстандық болмыс пен тұрақты даму міндеттері аясындағы оларды іске асырудың рухани-адамгершіліктік әлеуетін ашып беру міндеттері қойылады. Авторлар қоғамдық сананы жаңғырту үдерістері ауқымындағы қазақ халқы мен ҚР этностарының  тұтастанған мәдениетінің дәстүрлерінің құндылықтық мазмұнының орны мен рөлі айқындады. Жұмыста тұрақты даму тұжырымдамасы аясындағы әлемдік және отандық мәдени құндылықтарға салыстырмалы талдаудың маңыздылығы көрсетіледі, сонымен қатар, қазақстандық құндылықтық дискурстың ерекшеліктері, әмбебаптылығы нақтыланады, мәдени құндылықтар иерархиясындағы діни құндылықтардың онтологиялық маңызы зерттеледі. Қоғамның тұрақты дамуы аясында қазіргі Қазақстанның мәдени-құндылық парадигмасының қалыптасуы және оны рухани-адамгершіліктік даму эволюциясы тұрғысынан жүзеге асыру практикасын зерделеу, ғылым, білім беру саласындағы тәуекелдер мен мүмкіндіктерді талдау және цифрлық болмысты бағамдау философиялық-әлеуметтанулық өлшемдерді қолдану арқылы  жүргізіледі. Қазіргі Қазақстандық мәдениеттің гуманистік әлеуетін анықтау үшін және оның құндылықтық астарларын ғылыми тұжырымдау үшін жоғарыда аталған рухани құбылыстар аса маңызды екені дәйектелді.

Түйін сөздер: руханилық, тарих, мәдениет, дәниетаным, жаңғыру, ұлт, құндылық, өркениет, этнос.