ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАСТАУЫНАН ПОСТМОДЕРНГЕ ДЕЙІН

Л.ТОЛСТОЙ МЕН М.ХАЙДЕГГЕР ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӨЛІМ ҚҰБЫЛЫСЫН ТАЛДАУ

Том 77 № 1 (2022), ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАСТАУЫНАН ПОСТМОДЕРНГЕ ДЕЙІН
Том 77 № 1 (2022)
2022-03-25

Авторлар

Аңдатпа

Бұл мақалада авторлар антикалық дәуірден экзистенциализмге дейінгі өлім феноменін түсінудің негізгі белгілері мен тәсілдерін анықтайды. Заманауи тәсілдер мен зерттеу әдістерін пайдалана отырып, философиялық талдау аясында өлім құбылысының түйінді мәселелері айқындалады. Авторлар ұрпақтар мен мәдени дәуірлердің ауысуына байланысты өлім құбылысына қатысты толғандыратын сұрақтардың жауабы да өзгеретінін алға тартады. Өз кезегінде бұл жауаптар гипотетикалық және толық емес. Өлімді зерттеуге тарихи-философиялық экскурсқа кірісе отырып, авторлар Мартин Хайдеггер жүргізген Лев Толстойдың «Иван Ильичтің өлімі» әңгімесін талдауға ерекше назар аударады. Толстой да, Хайдеггер де өлімнің пайда болуымен ғана болмыс өзінің шынайы келбетін ашатын сияқты деп айтады. Өйткені, адам өліммен бетпе-бет келгенде дүние әлеміне емес, өзіне бұрылады. Бұл зерттеу бізді адамның өлімші екендігі туралы айқын қорытындыға ғана емес, сонымен бірге өмірдің алдын ала белгіленген мағынасы жоқ екеніне, сондықтан мақсатсыз босқа жұмсауға болмайтындығына әкеледі.

Түйін сөздер: өлім, антикалық философия, экзистенциалдық философия, өлім құбылысы, философия тарихы, танатология.