ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ

ИБН СИНА ФӘЛСАФАСЫНДАҒЫ ОНТОЛОГИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАР

Том 78 № 2 (2022), ҚАЗІРГІ ТАҢДАҒЫ ЖӘНЕ ТАРИХИ РЕТРОСПЕКТИВАДАҒЫ ФИЛОСОФИЯ
Том 78 № 2 (2022)
2022-06-25

Авторлар

Аңдатпа

Мақалада Ибн Сина фәлсафасындағы онтологиялық көзқарастарына қатысты пайымдары мен тұжырымдамаларды қарастырып, саралаймыз. Зерттеу мақсаты ортағасыр философы Ибн Синаның онтологиялық көзқарастарын негіздеу және оның кейінгі ойшылдарға тигізген әсерін көрсету. Соның ішінде Ибн Сина фәлсафасындағы қажетті мән мен мүмкінді мән ұғымдарының мәні мен мазмұнын ашу басты міндет болып қойылды. Қажетті мән мен мүмкінді мәннің арақатынасы жайындағы ілімнің нақтылануы Ибн Сина фәлсафасының эманация қағидасынан тапты. Яғни ойшыл құдай мен табиғат ара-қатынасын жаратушы мен жаралушы ара-қатынасы ретінде қарастырмайды, ал себеп-салдарлық өзара әрекет етуші байланыс ретінде қарастырады. Сонымен қатар, мақалада Ибн Сина фәлсафасындағы әлемнің бастапқылығы мен мәңгілігі жайындағы ілімі кеңінен ашылады. Ибн Синаның гилеморфизмдік ойлары бөлімінде авторлар ойшылдың дене (материя), қозғалыс, уақыт, кеңістік мәселелеріне қатысты тұжырымдары сараланып, зерделенеді.

Түйін сөздер: Ибн Сина, Қызметті ақыл-ой, материя, болмыс, қажетті мән, мүмкінді мән, эманация, қозғалыс, уақыт, кеңістік.