ӨТКЕН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДІН

ЕГЕМЕНДІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРІНДЕ ИСЛАМНЫҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ

Том 77 № 1 (2022), ӨТКЕН ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘЛЕУМЕТТІК МӘДЕНИ ЖАҒДАЙДАҒЫ ДІН
Том 77 № 1 (2022)
2022-03-25

Авторлар

Аңдатпа

Посткеңестік кеңістіктегі өзге елдердей, Қазақстан Республикасында да тәуелсіздік алғаннан кейін діни дәстүрлерді заңдастыру процесі қарқынды «жаңғыруды» басынан кешірді. Тәуелсіздіктің отыз жылында Қазақстандағы ислам діні зайырлы мемлекеттегі діннің жоғары деңгейі және мәртебесімен анықталатын жаңа тарихқа ие болды. Ислам діннің ғана емес, сонымен қатар этномәдени жаңғырудың символы, ұлттық сана мен құндылықтардың жаңа жүйесіне айналды. Мемлекеттік атеизм идеологиясынан және дінді әлеуметтік кеңістіктен ығыстыру саясатынан азат болудың алғашқы жылдарынан бастап қазақстандық қоғамда екпінді діни жаңару, қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениетін ежелден қамтитын рухани қайнарларға оралу үрдісі байқалды. Бұл мақалада исламның қоғамдық өмірде қайта жаңғыруына, мемлекеттік реттеу саясатының исламның таралуына әсерін қамтитын негізгі мәселелер, сондай-ақ қоғамдық өмірді қайта исламдандырудың негізгі тенденциялары қарастырылады. Зерттеудің мақсаты - исламның жаңғыруы мен оның діни, экономикалық, мәдени және саяси институттар арқылы институционализациясының практикалық әсерін талдау. Бұл зерттеуде философиялық, тарихи және салыстырмалы талдау қолданылды. Жұмыстың әдістемелік негізі шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми еңбектері болды.

Кілт сөздер: Ислам, жаңғыру, мемлекет, зайырлық, институционализация, мемлекеттік реттеу, ықпал.

Библиографические ссылки